ХАБАРЛАНДЫРУ
Республика күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім алушылары арасында «Менің Республикам – менің болашағым!» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – студент жастардың қазақстандық патриотизмін, азаматтық жауапкершілігін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру, Қазақстанның бүгіні мен болашағы туралы ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Байқаудың тақырыптық бағыттары:
- «Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?»;
- «Елімнің дамуына менің қосар үлесім»;
- «Жастар – Қазақстанның қозғаушы күші»;
- «Ұлттық құндылықтар және заманауи қоғам»;
- «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі».
Қатысушылар ұсынылған бағыттардың бірін таңдай алады немесе негізгі тақырып аясында өз көзқарасын еркін білдіре алады.
Байқау талаптары:
- байқауға KazNARU студенттері қатысады;
- эссе қазақ тілінде жазылуы тиіс;
- жұмыс көлемі – 500–700 сөз;
- автордың жеке көзқарасы мен азаматтық ұстанымы көрініс табуы қажет;
- ой нақты дәлелдермен, өмірлік тәжірибемен немесе мысалдармен негізделуі тиіс;
- жұмыс мазмұны жүйелі, тілі сауатты болуы қажет;
- эссе автордың дербес шығармашылық жұмысы болуы тиіс;
- плагиатқа және дайын мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.
Тіркелу мерзімі: 19.10–21.10.2026
Байқаудың өтетін күні: 22.10.2026
Байқаудың қорытындылану күні: 23.10.2026
Өтетін орны: 1-ғимарат, 1-аудитория
Жауапты тұлға: Айнур Нурғалиқызы, Тілдер кафедрасы
Байланыс ақпараты: 8-778-583-0242, ainur.tursynbay@mail.ru
Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, дипломдармен марапатталады.
Барша білім алушыларды өз шығармашылық қабілетін шыңдауға шақырамыз!