Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясына қазіргі жастардың көзқарасы

Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясына қазіргі жастардың көзқарасы

2026 жылғы 16 қазанда ҚазҰАЗУ-дың «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Қ. Д. Раисов 2-курс студенттеріне «Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясына қазіргі жастардың көзқарасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында Абайдың «толық адам» ілімінің негізгі қағидалары – «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл» және «жылы жүрек» ұғымдарының мәні талқыланды. Студенттер ұлы ойшылдың рухани-адамгершілік мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісіп, оның жастардың тұлғалық қалыптасуындағы рөлін саралады.

Іс-шара жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, интеллектуалдық әлеуетін дамытуға және Абай мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник