«Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының аға оқытушысы Г.О.Искакова мен Г.Г.Дүйсенбекова қонақ дәрісін ұйымдастырды. Қонақ спикер ретінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» аквакультура зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Абилов Бердібек Ибрагимұлы шақырылды.
«Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс студенттеріне Абилов Б. «Қазақстандағы балық шаруашылығының дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Қазақстандағы балық шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, су биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану, балық қорларын сақтау және молайту, сондай-ақ аквакультура саласын дамыту мәселелері қарастырылды.
Ғылыми қызметкер студенттерге балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер туралы кеңінен мәлімет беріп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Қонақ дәріс студенттердің кәсіби білімдерін тереңдетуге, балық шаруашылығы саласына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етті.