Абай мұрасы және толық адам тәрбиесі

Абай мұрасы және толық адам тәрбиесі

2026 жылғы 20 қазанда ҚазҰАЗУ-дың «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Сейдалиева Мадина 2-курс студенттеріне «Абай мұрасы және толық адам тәрбиесі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және ұлы ойшылдың кемел адам туралы көзқарастарын бүгінгі өмірмен байланыстыра түсіндіру.

Кездесу барысында Абайдың қара сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар, ар-ұят, әділеттілік, еңбекқорлық, білімге ұмтылу және мейірімділік сияқты құндылықтар талқыланды. Студенттер «толық адам» тұжырымдамасының мәнін ашып, ақыл, қайрат пен жүректің үйлесімділігі тұлғаның қалыптасуында қандай рөл атқаратыны жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар қатысушылар Абай өсиеттерінің қазіргі жастар үшін маңызын саралап, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну туралы ой қозғады.

Іс-шара студенттердің рухани дүниесін байытуға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және Абай шығармаларын тереңірек тануға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник