KazNARU-да БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

KazNARU-да БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2026 жылғы 27 қазанда KazNARU стадионында бірінші курс студенттері арасындағы спартакиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Студенттерді бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және факультеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиада аясында спорттың 8 түрінен 11 жарыс өткізілді. Атап айтқанда, студенттер волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және арқан тарту бойынша бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
🥇 І орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
🥈 ІІ орын – Инженерлік технологиялар факультеті;
🥉 ІІІ орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті.
Жүлделі орындарға ие болған факультет командалары салтанатты түрде марапатталып, олардың спорттық жетістіктері көпшілік қошеметіне бөленді.
Марапаттау рәсімінде университеттің шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетті. Жақында өткен республикалық «SHABYT – 2026» шығармашылық фестивалінде Гран-при иеленген би ұжымдары арнайы флешмоб ұсынып, салтанатты шараға ерекше көңіл күй сыйлады.
Бірінші курс студенттері арасындағы спартакиада жастардың спорттық әлеуетін танытып қана қоймай, командалық рухты, өзара қолдау мен бірлікті нығайтуға ықпал етті.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник