4 қарашада 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғаулар өтті

4 қарашада 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғаулар өтті

2026 жылғы 4 қарашада сағат 14:30-да және 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Джунусова Райхан Жексенбаевнаның «Эмбрионалдық өліммен байланысты генетикалық ақауларды балаудың әдістерін жетілдіру және сиырларда гинекологиялық патологиялардың алдын алу» және Әбирбекқызы Жарықжұлдыздың «Фитопрепараттарды бұзаулардың диспепсиясын емдеу үшін клиника-фармакологиялық және иммунологиялық негіздеу» тақырыптарында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.

8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 21 және № 22 хаттамалары негізінде Джунусова Райхан Жексенбаевнаға және Әбирбекқызы Жарықжұлдызға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник