5 қарашада 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғаулар өтті
2026 жылғы 5 қарашада сағат 14:30-да және 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Орынбасар Мадиана Болатжанқызының «Үй мысықтарына арналған COVID-19 инфекциясына қарсы суббірлікті вакцинасын әзірлеу және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу» және Усенова Жанерке Муратовнаның «Жылқы танауына қолданатын сақауға қарсы инактивтелген вакцина дайындау технологиясы» тақырыптарында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 23 және № 24 хаттамалары негізінде Орынбасар Мадиана Болатжанқызына және Усенова Жанерке Муратовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.