Студенттер арасында буллингтің алдын алу

Студенттер арасында буллингтің алдын алу

Студенттер арасында буллингтің алдын алу, өзара сыйластық, толеранттылық және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында 6В08604 – «Су шаруашылығы және мелиорация» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік ортадағы буллингтің алдын алу: құрмет, өзара түсіністік және қауіпсіздік» тақырыбында ашық профилактикалық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты педагогикалық практика аясында «Мелиорация және суармалы егіншілік» мамандығының 1-курс докторанты Мұратова Ақмарал өткізді.

Сабақ барысында студенттер буллинг ұғымын, оның негізгі түрлері мен пайда болу себептерін, сондай-ақ ықтимал психологиялық және әлеуметтік салдарын талқылады. Қорлаудың және қудалаудың алдын алу, ұжымда ізгі қарым-қатынас қалыптастыру және әрбір адамға құрметпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында буллинг пен кибербуллинг көріністеріне байланысты түрлі жағдайлар, жанжалдардың алдын алу жолдары және қажет болған жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы қарастырылды. Студенттер өз пікірлерін белсенді білдіріп, ойларымен бөлісті, өзара қолдаудың, толеранттылықтың және әркімнің өз іс-әрекетіне жеке жауапкершілікпен қарауының маңызын талқылады.

Ашық сабақ студенттердің буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға, сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал орнатуға бағытталды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар буллинг пен жанжалды жағдайлардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар студенттер арасындағы өзара сыйластықты, сенімді және ізгі қарым-қатынасты нығайтуға, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

​​​​​​​

​​​​​​​

​​​​​​​

​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник