KazNARU-да СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

KazNARU-да СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

2026 жылғы 17 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбие жұмысын күшейту мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске Басқарма мүшелері, проректорлар, департамент директорлары, факультет декандары мен олардың орынбасарлары, қауіпсіздік қызметінің өкілдері, студенттік жатақханалардың меңгерушілері және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Университет басшысы тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, оның нәтижесі студенттердің тәртібі, сабаққа қатысуы, академиялық адалдығы, қоғамдық белсенділігі және әлеуметтік жауапкершілігі арқылы бағалануға тиіс екенін айтты.

Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның, буллингтің, интернет-алаяқтықтың және өзге де жағымсыз құбылыстардың алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу тапсырылды. Осы бағытта факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің, декан орынбасарлары мен кураторлардың жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ студенттік жатақханалардағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде қауіпсіздік қызметі мен жатақхана меңгерушілерінің өзара іс-қимылын күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Мәжілісті қорытындылай келе, Ақылбек Күрішбаев тәрбие жұмысын жетілдірудің тиімді тәсілдерін енгізу, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник