БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: KazNARU-да ТАНЫСТЫРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: KazNARU-да ТАНЫСТЫРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2026 жылғы 17 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінде «Ашық есік күні – 2026» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараға Алматы қаржы-экономикалық колледжі мен Бизнес колледжінің 130 студенті қатысып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен және академиялық бағдарламаларымен танысты.

Кездесудің басты мақсаты – KazNARU-дың білім беру бағыттарын кеңінен таныстыру, талапкерлер арасында университеттің танымалдығын арттыру және болашақ студенттер қатарын толықтыру.

Атап айтқанда, қатысушыларға экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы, есеп және аудит, құқық бағыттары бойынша ұсынылатын білім беру бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар университетте аталған мамандықтар бойынша сапалы білім алуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және болашақ мансапқа жол ашуға мүмкіндік бар екені айтылды.

Айта кету керек, биыл «Ашық есік күнінің» форматы алғаш рет өзгертіліп, университет өкілдері колледждерге бармай, студенттерді KazNARU қабырғасында қабылдады. Бұл бастама жастарға университеттің білім беру ортасымен, инфрақұрылымымен және мүмкіндіктерімен тікелей танысуға жағдай жасады.

Студенттер үш командаға бөлініп, арнайы әзірленген кейстерді шешу және қызықты сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Үздік нәтиже көрсеткен командаларға ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар табыстады.

Осындай кездесулер университеттің білім беру әлеуетін насихаттауға, колледждермен байланысты нығайтуға және талапкерлердің KazNARU-ға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник