Green Skills: БОЛАШАҚҚА ҚАЖЕТ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР
2026 жылғы 23 қарашада KazNARU-да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және «жасыл дағдыларын» (Green Skills) дамытуға бағытталған зияткерлік сайыс пен талдамалық сауалнама өтті.
Іс-шараны университеттің Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты ұйымдастырды. Оған Агробиология факультетінің «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері қатысты.
Бастаманың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың тұрақты даму қағидаттары мен экологиялық жауапкершілік туралы білімін бағалау, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған заманауи дағдыларды кәсіби қызметте қолдануға дайындығын анықтау.
Сайыс пен сауалнама барысында алты негізгі бағыт қамтылды:
-
Тұрақты даму қағидаттары мен «жасыл дағдылардың» қазіргі экономикадағы маңызын түсіну;
-
Жауапты тұтыну, қалдықтарды сұрыптау және тиімді басқару;
-
Табиғи экожүйелерді, ресурстар мен биоалуантүрлілікті сақтау;
-
Су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану және үнемдеу;
-
Экологиялық ойлау мәдениетін дамыту және күнделікті өмірде экологиялық жауапты әдеттерді қалыптастыру;
-
Студенттерді экологиялық волонтерлік бастамалар мен ғылыми жобаларға тарту.
Сауалнама нәтижелерін талдау студенттердің экологиялық білімін жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын дамытуға және «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Зияткерлік сайыс қорытындысында жеңімпаз анықталып, оған эковолонтерлерге арналған фирмалық футболка естелік сыйлық ретінде табысталды.
Green Skills – табиғатты қорғау туралы біліммен ғана шектелмейтін, экологиялық жауапты шешімдер қабылдауға, ресурстарды тиімді пайдалануға және тұрақты дамуға үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби дағдылар жиынтығы.