"Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық сауаттылық" оқыту семинары!

"Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық сауаттылық" оқыту семинары!

24.11.2026 ж. «IT-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Сапиева Г. Е. ВТ 23-11К тобының студенттеріне «Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында танымдық оқыту семинар өткізді.

Семинар барысында ақпараттық қауіпсіздік негіздері, заманауи цифрлық қауіп-қатерлер және дербес деректерді қорғаудың тиімді стратегиялары қарастырылды. Интернет желісінде қауіпсіз әрекет ету, фишингтік хабарламаларды анықтау,  екі факторлы аутентификацияны қолдану және жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, тәжірибелік жағдайларды талдады, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен цифрлық сервистерде жеке ақпаратты қорғау бойынша пайдалы ұсыныстар алды.

Өткізілген семинар студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және заманауи цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник