ҚазҰАЗУ студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Венгрияда білім алуда!
6B06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Джанбаев Данияр Қайратұлы Венгрияның Гёдёллё қаласында орналасқан Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетіне білім алуға жіберілді.
Оқу академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 2027 жылғы 31 қаңтар аралығында өтеді.
Халықаралық бағдарламаға қатысу Даниярға Еуропаның білім беру жүйесімен танысуға, ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби білімін тереңдетуге, тілдік дағдыларын жетілдіруге және мәдениетаралық қарым-қатынаста құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Даниярға оқуда табыс, жарқын әсерлер және жаңа жетістіктер тілейміз! Оның университетімізді халықаралық деңгейде лайықты таныстыратынына сенімдіміз!