Орталық туралы
Тағам өнімдерінің технологиясы мен сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығы 2015 жылы инновациялық-индустриалды дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған және қайта өңдеу және тағам өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)», «Тағам қауіпсіздігі», «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды тәжірибелік дайындауды жүзеге асыратын университеттің Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықты құрудың негізгі мақсаты жануар және өсімдік тектес ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және тағам шикізаты мен өнімдерінің сапасын зерттеудің стандартты әдістеріне сәйкес заманауи өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарын қолдану арқылы бағалау бойынша бірыңғай ғылыми-білім беру алаңын қалыптастырумен байланысты.
«Тағам өнімдерінің технологиясы мен сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығы» сынақ оқу орталығы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Калибрлеу және сынау зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген (Аккредиттеу аттестаты №KZ.T.02.2205 22.07.2024 жылдан бастап 22.07.2029 жылға дейін жарамды).
Мақсаттар мен міндеттер
Орталықтың негізгі мақсаты – зерттеудің заманауи стандартты әдістері мен өлшеу құралдарын, сынақ және технологиялық жабдықтарды қолдана отырып білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңінен тарту болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері тағам шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің технологиясын жасаудың және сапасына зерттеу жүргізудің практикалық дағдыларын үйрету, жануар және өсімдік тектес ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің инновациялық технологияларын жасау, тағам өнімдерінің қолданыстағы технологияларын дамытуға ықпал ету және тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін заманауи технологияларын жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұн, қамыр, нан және нан-тоқаш өнімдерінің физика-химиялық және реологиялық көрсеткіштерін, сүт және сүт өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.
Қызметтер
1. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнының физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
1.1. МЕМСТ 27493-87 бойынша қышқылдық;
1.2. МЕМСТ 9404-88 бойынша ылғалдылық.
2. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
2.1. МЕМСТ 5667-65 бойынша пішіні, беті, түсі.
3. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
3.1. МЕМСТ 21094-75 бойынша ылғалдылық;
3.2. МЕМСТ 5670-96 бойынша қышқылдық.
4. Ауыз сүтінің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
4.1. МЕМСТ 28283-2015 бойынша дәмі және иісі.
5. Ауыз сүтінің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
5.1. МЕМСТ 3625-84 бойынша тығыздық;
5.2. МЕМСТ 32892-2014 бойынша рН (белсенді қышқылдық);
5.3. МЕМСТ 26754-85 бойынша температура;
5.4. МЕМСТ 3624-92 бойынша титрленетін қышқылдық.
6. Қаймағы алынбаған шикі сүттің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
6.1. МЕМСТ 28283-2015 бойынша дәмі және иісі.
7. Қаймағы алынбаған шикі сүттің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
7.1. МЕМСТ 3624-92 бойынша титрленетін қышқылдық;
7.2. МЕМСТ 3625-84 бойынша тығыздық.
8. Айран, ряженка, простокваша, йогурт, ацидофилин және бифидум бифидобактериялармен байытылған сүт қышқылды өнімдердің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша қызметтер:
8.1. МЕМСТ 3625-84 бойынша тығыздық;
8.2. МЕМСТ 3623-2015 бойынша пастерлеу;
8.3. МЕМСТ 3624-92 бойынша титрленетін қышқылдық.
Инновациялық жобалар
2024-2026 жылдарға арналған 267 «Білімнің және ғылыми-зерттеулердің қол жетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламаның 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалы-мақсаттық қаржыландыру» кіші бағдарламасын агроөнеркәсіп кешенінің аймағында қолданбалы ғылыми-зерттеулерді BR24892775 «Өндірілетін өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең қайта өңдеу технологиясын жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша «Жануар тектес ауыл шаруашылығы шикізатын (сарысу) қайта өңдеудің кешенді және қалдықсыз технологиясын жасау» тақырыбында жүзеге асыру жобасы
Жоба жетекшісі: Серікбаева А.Д., биология ғылымдарының докторы, профессор
Орындаушылар: Сулейменова Ж.М., биология ғылымдарының кандидаты, Досимова Ж.Б., химия ғылымдарының магистрі, Кауменова А.Е., техника ғылымдарының магистрі
Қаржыландыру сомасы: 75 000 000 теңге
Іске асыру мерзімі: 2024-2026 жылдар
«Бие сүтінен емдік-профилактикалық өнім өндіру» тақырыбы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасы
Жоба жетекшісі: Серікбаева А.Д., биология ғылымдарының докторы, профессор
Орындаушылар: Сүлейменова Ж.М., биология ғылымдарының кандидаты
Қаржыландыру сомасы: 341 660 007,18 теңге
Іске асыру мерзімі: 2024-2026 жылдар
Құрылымы
Тағам өнімдерінің технологиясы мен сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығының құрылымына «Тағам өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін және топырақтың, судың және шикізаттың экологиялық сапасын талдау» және «Тағам өнімдерінің технологиясы» зертханалары кіреді.
«Тағам өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін және топырақтың, судың және шикізаттың экологиялық сапасын талдау» зертханасының қызметі ұнның, қамырдың, нан, нан-тоқаш өнімдерінің, сүт және сүт өнімдерінің органолептикалық, физика-химиялық және реологиялық көрсеткіштерін заманауи стандартты зерттеу әдістерін, өлшеу аспаптары мен сынақ жабдықтарын қолдану арқылы анықтауға бағытталған.
Ұнның, нан және нан-тоқаш өнімдерінің органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштерін және қамырдың құрылымды-механикалық көрсеткіштерін анықтау модулі ұн шикізатының, қамыр дайындамаларының, нан және нан-тоқаш өнімдерінің сапасын, сондай-ақ нан және нан-тоқаш өнімдерінің сапасын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін қамырдың реологиялық қасиеттерін бағалауды қамтамасыз етеді және қолданылатын ұнның мақсатын қысқа мерзімде бағалауға мүмкіндік береді, себебі қамырдың қасиеттері ұнның барлық құрамдас бөліктеріне, олардың өзара әрекеттесуіне және бір-бірімен өзара әсеріне байланысты.
Сүт және сүт өнімдерінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау модулі нормативтік талаптардың сақталуын бақылау, тағамдық құндылығы және фальсификацияны анықтау үшін қажетті сүт және сүт өнімдерінің құрамы мен сапасы туралы жоғары сапалы талдауды және нақты, объективті ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.
«Тағам өнімдерінің технологиясы» зертханасының құрылымына нан-тоқаш өнімдерін өндіру, етті және сүтті қайта өңдеу бойынша оқу-өндірістік шағын цехтар кіреді.
Нан-тоқаш өнімдерін өндіретін оқу-өндірістік шағын цехта білім алушылар тәжірибелік сабақтарда мен кәсіби тәжірибе түрлерінен өту барысында толыққанды білім алып, практикалық жұмыс дағдыларын меңгереді, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерінің жаңа рецептуралары мен технологияларын жасау, заманауи оқу технологиялық жабдықтарда өндірудің технологиялық үдерістерінің режимдері мен параметрлерін тәжірибе жүзінде пысықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Етті қайта өңдеу бойынша оқу-өндірістік шағын цехта білім алушылар дәстүрлі технологияны қолдану арқылы ет өнімдерін өндірудің толық технологиялық циклімен танысуға, тәжірибелік сабақтар барысында шұжық, дәмді ет өнімдерін, жалпы және арнайы мақсаттағы жартылай фабрикаттарды өндірудің жаңа технологияларын меңгеруге, жаңа рецептуралар жасауға, ет өнімдерін өндірудің режимдері мен параметрлерін диплом жұмысының және магистрлік диссертация тақырыптары бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде пысықтауға мүмкіндік алады.
Сүтті қайта өңдеу бойынша оқу-өндірістік шағын цехта білім алушылар тәжірибелік сабақтарда, кәсіби тәжірибе түрлерінен өту және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында түрлі ассортименттегі және құрамдағы сүт өнімдерінің дәстүрлі және жаңа түрлерін, оның ішінде ұлттық сүт қышқылды өнімдерін өндірудің технологиялық үдерістерінің режимдері мен параметрлерін тәжірибе жүзінде пысықтауды жүзеге асырады.
Жариялымдар
Web of Science және Scopus дерекқорларына енгізілген
шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар
1. Ye. Medvedkov, B. Yerenova, Yu. Pronina, N. Penov, O. Belozertseva, N. Kondratiuk (2021). Extraction and characteristics of pectins from melon peel: experimental review. Journal of Chemistry and Technologies, 29 (4), 650-659. https://doi.org/10.15421/jchemtech.v29i4.252250
2. Yerenova, B., Tlevlessova, D., Kairbayeva, A., Nabiyeva, Z., Almaganbetova, A., Sakyp, N. (2022). Influence of the pressing technique and parameters on the yield of oil from melon seeds. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 5 (11 (119)), 38-47. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2022.265672
3. Sagymbek, F., Abdigaliyeva, T., Serikbaeva, A., Kozhahmetova, Z., & Suleimenova, Z. (2023). Comparative characterization of strains of lactic acid bacteria isolated from Kazakhstan mare’s milk and koumiss to create probiotic preparation. Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences, 17, 777-787. https://doi.org/10.5219/1906
4. Brindyukova, A., Yerenova, B., Syzdykova, L., Abdiyeva, K., Tlevlessova, D. (2023). Development of technology for the production of useful jelly candies from cucurbit crops on a natural basis. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 3 (11 (123)), 60-67. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2023.282061
5. Moldakhmetova, G., Kurmanov, R., Toishimanov, M., Temirbayeva, K., Suleimenova, Z. Palynological, physicochemical, and organoleptic analysis of honey from different climate zones of Kazakhstan. Caspian Journal of Environmental Sciences, Vol. 21 No. 3 pp. 543-553. https://doi.org/10.22124/cjes.2023.6931
6. Toishimanov, M., Nurgaliyeva, M., Serikbayeva, A., Suleimenova, Z., Myrzabek, K., Shokan, A., & Myrzabayeva, N. (2023). Comparative Analysis and Determination of the Fatty Acid Composition of Kazakhstan’s Commercial Vegetable Oils by GC-FID. Applied Sciences, 13(13), 7910. https://doi.org/10.3390/app13137910
7. Toishimanov, M., Suleimenova, Z., Myrzabayeva, N., Dossimova, Z., Shokan, A., Kenenbayev, S., Yessenbayeva, G., & Serikbayeva, A. (2024). Effects of Organic Fertilizers on the Quality, Yield, and Fatty Acids of Maize and Soybean in Southeast Kazakhstan. Sustainability, 16(1), 162. https://doi.org/10.3390/su16010162
8. Yerenova, B., Tlevlessova, D., Almaganbetova, A., Almasbek, A. (2024). Development of rational compositions for multicomponent juices based on melon crops. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 4 (11 (130)), 87-98. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2024.310327.
9. Bibipatyma Yerenova, Yuliya Pronina, Nikolay Penov, Rada Dinkova-Hadzhiyski, Nataliia Kondratiuk, Aigul Almaganbetova. Optimisation of the composition of мelon-based sorbets using simplex-centroid processing system. (2025). Scifood, 19(1), 128-144. https://doi.org/10.5219/scifood.11
Шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар
1. Goranova, Z., Vasileva, A., Durakova, A., & Yerenova, B. (2022). Sorption Characteristics of Flour Mixtures Enriched with Apple Pomace. In Journal of Mountain Agriculture on the Balkans (Vol. 25, Issue 1, pp. 436-451).
2. Ruskova, M., Petrova, T., Goranova, Z., Penov, N., Simitchiev, A., Nenov, V., & Yerenova, B. (2022). Effect of Process Variables on the Density of Apple Pomace - Wheat Semolina Extrudates. In Journal of Mountain Agriculture on the Balkans (Vol. 25, Issue 3, pp. 241-251).
3. Goranova, Z., Ruskova, M., Petrova, T., Penov, N., Simitchiev, A., & Yerenova, B. (2022). Effect of Functional Formulas on Some Attributes and Antioxidant Activity of Instant Kissel from Extruded Apple Pomace. In Journal of Mountain Agriculture on the Balkans (Vol. 25, Issue 5, pp. 439-458).
4. Yerenova, B., Medvedkov, Y., Tlevlessova, D., Kairbayeva, A. (2022). Resource-saving melon processing technology. EUREKA: Life Sciences, 4, 54-75. https://doi.org/10.21303/2504-5695.2022.002636
ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар
1. Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г. Исследование влияния низкотемпературного хранения на вкусо-ароматические свойства сорбе на основе дыни // Научн.-технич. журнал «Новости науки Казахстана». – 2019. – №1(139). – С. 162-172.http://www.vestnik.nauka.kz/wp-content/uploads/2019-%D0%9D%D0%9D%D0%9A-%E2%84%961-17.04.19.pdf?ysclid=lantime2ox432320675
2. Sagymbek Ф., Serikbaeva А., Abdigaliyeva, T., & Yelnazarkyzy Р. (2023). Probiotics and their application in aquaculture for improving the growth and immunity of fish. BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. BIOSCIENCE Series, 144(3), 16-25. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/269
3. Еренова, Б., & Сақып, Н. (2023). Определение оптимального состава продуктов направленной функциональной эффективностью на основе плодов бахчевых культур. Izdenister Natigeler, (2 (98), 400-411.https://doi.org/10.37884/2-2023/40
4. Сулейменова, Ж., Досимова, Ж., Боранбаева, Т., Болат, А., & Жүнісбек, А. (2023). Возможность использования плодов черного тутовника для получения фруктового йогурта. Izdenister Natigeler, (3 (99), 11-25. https://doi.org/10.37884/3-2023/02
5. Еренова, Б., & Алмаганбетова, А. (2023). Технология производства смузи на основе плодов бахчевых культур функциональной направленности. Izdenister Natigeler, (3 (99), 364-371. https://doi.org/10.37884/3-2023/37
6. Еренова, Б., & Алмаганбетова, А. (2024). Исследование качественных показателей смузи функциональной направленности на основе плодов бахчевых культур. Izdenister Natigeler, (1 (101), 320-327. https://doi.org/10.37884/1-2024/31
7. Еренова, Б., & Алмасбек, А. (2024). Разработка рецептуры и технологических режимов производства многокомпонентных соков функциональной направленности на основе плодов бахчевых культур. Izdenister Natigeler, (1 (101), 311-319. https://doi.org/10.37884/1-2024/30
Халықаралық форум және конференция материалдарының жинақтарында жарияланған ғылыми мақалалар
1. Еренова Б.Е., Сақып Н.Е. Исследование органолептических показателей смузи функциональной направленности на основе плодов бахчевых культур // Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері, академик Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденовтың 90 жылдығына арналған «Ғылымдағы сабақтастық – аграрлық ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалар жинағы, 20-21 сәуір 2023. – Алматы, ҚазҰАЗУ. – 483-487 б.
2. Болат А.А., Аблаева Э.А. Йодпен байытылған фосфолипидті қоспалы ақуыздық-май композициялы ет өнімінің технологиясын талдау // Сборник материалов III международного форума «Диалог молодых учёных: SCIENCE TALKS». – 26-27 октября 2023. – С. 242.
3. Еренова Б.Е., Алмасбек А.А. Определение оптимального состава многокомпонентных соков на основе бахчевых культур // Сборник материалов III Международного форума «Диалог молодых учёных: SCIENCE TALKS». – Алматы: КазНАИУ. – 26-27 октября 2023. – С. 246-249.
4. Кауменова А.Е., Сулейменова Ж.М. Ешкі сүтіне өсімдік шикізатын қосу арқылы алынған сүт қышқылды өнімнің технологиясы // Сборник материалов III международного форума «Диалог молодых учёных: SCIENCE TALKS». – 26-27 октября 2023. – С. 277-281.
5. Жүнісбек А.М. Ет өнімдерін өндіруде радиопротекторлық қасиеттері бар өсімдік шикізатын зерттеу // Сборник материалов III международного форума «Диалог молодых учёных: SCIENCE TALKS». – 26-27 октября 2023. – С. 366.
6. Досимова Ж.Б., Тастанбекова А.С. Сиыр сүтінен майлы қымыз өндіру технологиясын әзірлеу // Сборник материалов III международного форума «Диалог молодых учёных: SCIENCE TALKS». – 26-27 октября 2023. – С. 388.
Қазақстан Республикасының өнертабыс және пайдалы модель патенттері
1. Патент №34044 РК. Композиция для сорбе на основе дыни (варианты) / Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г.; заявитель и патентообладатель ТОО «Смак АТУ Инновационная компания». – №2018/0800.1; заявл. 30.10.2018; опубл. 13.12.2019, Бюл. №50. – 5 с.
2. Патент №4637 РК. Способ приготовления сорбе на основе дыни / Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г.; заявитель и патентообладатель Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г. – №2019/0751.2; заявл. 13.03.2018; опубл. 31.01.2020, Бюл. № 4. – 5 с.
3. Патент №34178 РК. Способ получения консервов из верблюжатины/ Сулейменова Ж.М., Шоман А.Е., Серикбаева А.Д., Шарифканов Д.Н.; заявитель и патентообладатель ТОО «Күн Нұры». – 2018/0923.1; заявл. 10.12.2018; опубл. 17.02.2020, Бюл. №5. – 4 с.
4. Патент №34193 РК. Способ получения йогурта со стевией, сухофруктами и орехами / Серикбаева А.Д., Сулейменова Ж.М., Матеев Е.З., Алиев М.А., Искаков С.Н.; заявитель и патентообладатель ТОО «Учебный научно – производственный центр «Байсерке Агро». – 2018/0788.1; заявл. 25.10.2018; опубл. 25.02.2020, Бюл. №6. – 5 с.
5. Патент №4970 РК. Способ приготовления купажированных на основе дыни / Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г., Медведков Е.Б.; заявитель и патентообладатель Еренова Б.Е., Пронина Ю.Г., Медведков Е.Б. – 2020/0411.2; заявл. 29.01.2019; опубл. 22.05.2020, Бюл. №20. – 4 с.
6. Патент №5057 РК. Лечебная мазь / Акишев Н.К., Кулатаев Б.Т., Кожагулов О.К., Аблаева Э.А., Тойғанбай Г.Б., Кожабергенов А.Т.; заявитель и патентообладатель Акишев Н.К., Кулатаев Б.Т., Кожагулов О.К., Аблаева Э.А., Тойғанбай Г.Б., Кожабергенов А.Т. – 2019/0975.2; заявл. 06.11.2019; опубл. 02.10.2020, Бюл. №39. – 4 с.
7. Патент №7343 РК. Штамм молочнокислых бактерий Lactobacillus paracasei 010K, используемый для получения пробиотического препарата, предназначенного для профилактики и лечения желудочно-кишечных заболеваний сельскохозяйственных животных, птиц и рыб / Сағымбек Ф.Ғ., Абдигалиева Т.Б., Махмаден К., Зетбек Г.С., Икомбаев Т.Д., Уразбекова Г.Е., Кожахметова З.А.; заявитель и патентообладатель Сағымбек Ф.Ғ.– №2022/0421.2; заявл. 16.05.2022; опубл. 12.08.2022, Бюл. №32. – 5 с.
8. Патент №7498 РК. Способ производства колбасы вареной / Аблаева Э.А., Қозықан С., Сулейменова Ж.М., Кожабергенов А.Т., Болат А.А., Сейсенбіқызы Б.; заявитель и патентообладатель Аблаева Э.А. – 2022/0742.2; заявл. 01.09.2022; опубл. 07.10.2022, Бюл. №39. – 3 с.
9. Патент №36450 РК. Способ производства курта / Еренова Б.Е., Болат А.А.; заявитель и патентообладатель НАО «Казахский национальный аграрный исследовательский университет». – 2022/0245.1; заявл. 20.04.2022; опубл. 17.11.2023, Бюл. №20. – 4 с.
10. Патент №36625 РК. Пробиотический препарат для стимуляции роста, профилактики и лечения заболеваний рыб / Сағымбек Ф.Ғ.; заявитель и патентообладатель Сағымбек Ф.Ғ., Серикбаева А.Д., Орақбаева А.Д., Сансызбаева Б.Қ., Омарова А.Б., Икомбаев Т.Д., Уразбекова Г.Е., Абдигалиева Т.Б. – 2022/0745.1; заявл. 23.11.2022; опубл. 01.03.2024, Бюл. №10. – 5 с.
11. Патент №8916 РК. Установка для производства кисломолочной продукции / Серикбаева А.Д., Сулейменова Ж.М., Сериков М.С., Кушбаев С.К. и др.; заявитель и патентообладатель НАО «Казахский национальный аграрный исследовательский университет». – 2023/1010.2; заявл. 10.10.2023; опубл. 07.03.2024, Бюл. №10. – 5 с.
12. Патент №9584 РК. Композиция для курта (варианты) / Еренова Б.Е., Болат А.А.; заявитель и патентообладатель НАО «Казахский национальный аграрный исследовательский университет». – 2024/1028.2; заявл. 20.04.2022; опубл. 20.09.2024, Бюл. №38. – 4 с.
Фотогалерея
Виртуалды тур
Аккредиттеу аттестаты
Қызметкерлері

Еренова Бибипатыма Ертаевна
Жетекші
Техника ғылымдарының докторы

Кауменова Альбина Ержановна
Сүтті қайта өңдеу бойынша маман-технолог
Техника ғылымдарының магистрі

Ауесханов Баглан Бахитжанович
Етті қайта өңдеу бойынша маман-технолог
Студент