Жоба жетекшісі

Есенбаева Гульвира Лемисовна
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
Scopus Author ID: 57218684499
Researcher ID: GMH-8626-2022
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4101-3460
Жоба туралы
Өзектілігі
Минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, өсу реттегіштерін, энергияны көп қажет ететін техникалық құралдарды ұтымсыз пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындату топырақ құнарлылығының деградациясында, алынған өнім сапасының төмендеуінде, қоршаған орта мен азық-түліктің ластануына, қоршаған ортаның елеулі және тіпті қайтымсыз өзгерістеріне әкелді.
Осыған байланысты құнарлылықты арттыру, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру мақсатында органикалық егіншілік жүйесін жүргізу өзекті болып табылады.
Мақсаты
Топырақтың құнарлылығын және егістік дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін Қазақстанның оңтүстік-шығысында, жеке және тығыздалған (жабынды) егістіктерде жасыл көң түрінде және сабанын пайдаланылатын күздік ас бұршағының (пелюшка) бейімделген "Космаj" сортының пайдаланудың ғылыми-практикалық негіздемесі.
Қол жеткізілген нәтижелер
Күздік ас бұршағы (пелюшка) «Космаj» сортының жекелеген егістерінде сабаны мен жасыл көңін пайдалану және тығыздалған (жабынды) егістіктерде өсіру органикалық заттардың құрамын 3,2-ден 3,7% - ға дейін және қарашіріктің есептік мәнін 2,72-ден 3,15% - ға дейін ұлғайтты. Жүгері мен майбұршақ дақылдарын органикалық ауылшаруашылық технологиясы бойынша, күздік ас бұршағы (пелюшка) «Космаj» сорты егістіктерінде жамылғы ретінде өсіру, дәстүрлі егіншілікпен салыстырғанда бактериялардың жоғары концентрациясын алуға ықпал етті. Орта есеппен үш жыл ішінде 243,4 ц/га көк балауса мен 79,9 ц/га құрғақ масса, 17,1 ц/га дән және 25,2 ц/га сабан алынды. Күздік ас бұршағы (пелюшка) «Космаj» сортының көк балаусасы, сабаны мен дәні тиісінше 21,13%, 15,43% және 25,67% ақуыз берді. Майдың максималды мөлшері (4,53%) көк балаусадан, ал минималды (0,48%) мөлшері дәнінен алынады. Крахмалдың максималды мәні (16,40%) дәнінде, ал минималды мәні (0,85%) сабанында болды. Талшық мөлшері (33,61%) сабанда көбірек болды. Органикалық ауылшаруашылығы технологиясы бойынша өсірілген майбұршағында 38,51% ақуыз және 18,42% май болды, ол дәстүрлі технологиямен (36,15% және 17,11%) салыстырғанда біршама көп. Ал жүгері дәні крахмалдың жоғары деңгейімен (шамамен 53%) сипатталды.
Жарияланымдар тізімі және патенттер
1) G.Yessenbayeva, S. Kenenbayev, Y. Dutbayev, K. Zhumanov. «Influence of nutrient factors and cover crops on the composition of bacteria, fungi, and actinomycetes in soils in southeastern Kazakhstan» в журнале SABRAO Journal of Breeding and Genetics 56 (5) 2152-2165, 2024 http://doi.org/10.54910/sabrao2024.56.5.38 http://sabraojournal.org/ pISSN 1029-7073; eISSN 2224-8978. Q3 (процентиль 49)
2) Gulvira Yessenbayeva, Serik Kenenbayev, Yerlan Dutbayev, Akmarzhan Salykova. «Organic Farming Practices and Crops Impact Chemical Elements in the Soil of Southeastern Kazakhstan» // International Journal of Agriculture and Biosciences 2024 13(2): 222-227. https://doi.org/10.47278/journal.ijab/2024.106 http://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ eISSN: 2306-3599; pISSN: 2305-6622. Q2 (процентиль 67)
3) Есенбаева Г.Л., Кененбаев С.Б., Жанбырбаев Е.А., Куланбай К.Ж., Ильяс А.С., Кусбек А.Е. Урожайность и качественные показатели зеленой массы, зерна и соломы озимого гороха «Космај». Журнал КОКНВО МНВО «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты». №2 (106) 2025, - С.183-190. https://doi.org/10.37884/2-2025/18
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Жеке және тығыздалған (жабынды) егістіктерде жасыл көң түрінде және сабаны пайдаланылатын күздік ас бұршағының (пелюшка) бейімделген "Космаj" сортын пайдалану бойынша әзірленген технологиялар топырақтың микробиологиялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді, қарашірік пен минералды қоректену элементтерінің тапшылығы жоқ балансы үшін топырақ құнарлылығының биогендік ресурстарының жинақталуын қамтамасыз етеді, қарашірік пен минералды қоректену элементтерінің тапшылығы есебінен фитосанитариялық және экологиялық функцияларды дақылдардың ластануын және ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының таралуын азайтады.
Зерттеу тобының мүшелері
Кененбаев Серик Барменбекович
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 6504473174
Researcher ID: FCJ-4135-2022
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1745-8475
Жанбырбаев Елдос Алмабекович
PhD докторы, доцент
Scopus Author ID: 57194189088
Researcher ID: AAR-7523-2020
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4076-8108
Куланбай Каламкас Жанабеккызы
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57669789000
Researcher ID: HQH-3022-2023
Ильяс Аружан Сарынқызы
магистрант
Сарсенова Назира Серікқызы
магистрант