Жоба туралы
Жоба жетекшісі

Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы
PhD, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 5856372200
Researcher ID: IJZ-1952-2023
ORCID: 0000-0002-6436-6664
Өзектілігі
Жасымық (Lens culinaris) – жоғары ақуызды, экологиялық тұрғыдан тиімді және топырақ құнарлылығын арттыратын маңызды бұршақ дақылы. Алайда Қазақстанда жасымықтың өнімділігі мен тұрақты өндірісі биотикалық стресс факторларының, соның ішінде аурулар мен зиянкестердің әсерінен шектеліп отыр. Климаттың өзгеруі жағдайында бұл қауіптер күшейе түсуде. Осыған байланысты биотикалық стресс факторларына төзімді сорттарды генетикалық жақсарту жергілікті жасымық өндірісін нығайту, импортқа тәуелділікті азайту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті болып табылады.
Мақсаты
Жобаның мақсаты – биотикалық стресс факторларына төзімділігі жоғары жасымықтың (Lens culinaris) генетикалық тұрғыдан жақсартылған формаларын анықтау және іріктеу арқылы жергілікті өндірістің тұрақтылығын арттыру.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Биотикалық стресс факторларына төзімді жасымық генотиптері анықталады;
Генетикалық әртүрлілік деңгейі бағаланып, селекция үшін перспективалы үлгілер іріктеледі;
Жасымықтың өнімділігі мен төзімділігін арттыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірленеді.
Жасымық коллекциясы жинақталып, бастапқы генетикалық бағалау жүргізілді;
Биотикалық стресс факторларына реакциясы бойынша алғашқы деректер алынды;
Алынған нәтижелер жобаның келесі кезеңдерінде селекциялық жұмыстарды жалғастыруға негіз қалады
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Жоба нәтижелері жасымықты (Lens culinaris) өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы өндірушілері, фермерлік шаруашылықтар, селекциялық және тұқым шаруашылығы ұйымдары, сондай-ақ аграрлық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары үшін пайдалануға арналған.
Зерттеу барысында алынған биотикалық стресс факторларына төзімді генотиптер селекциялық бағдарламаларда бастапқы материал ретінде қолданылуы мүмкін. Жобаның ғылыми нәтижелері жасымықтың өнімділігін арттыруға, аурулар мен зиянкестерден болатын шығындарды азайтуға және жергілікті өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоба материалдары оқу процесінде, ғылыми жарияланымдар дайындауда және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу тобының мүшелері
1. Сулейманова Гульнур Алмасовна
PhD доктор, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57191975233
Researcher ID: AAX-2453-2020
ORCID: 0000-0002-2322-6155
2. Даулет Нұржан
PhD доктор
Scopus Author ID: 58625536900
Researcher ID: JJG-8798-2023
ORCID: : 0000-0001-7105-643X