Жоба туралы
Жоба жетекшісі

Боранбаева Карлыгаш Ерболатовна
PhD
Scopus Author ID: 58124751500
Researcher ID: JUF-3987-2023
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1090-3487
Өзектілігі
Ірі қара малда індетті кератоконьюнктивиттің (ІКК) кең таралуы мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді. Қазіргі кезде жануарлардың ІКК емдеу үшін неғұрлым тиімді, әрі қауіпсіз дәрілік препараттарды әзірлеу және тәжірибеге енгізу талап етіледі, сондықтан айқын антимикробтық қасиет ғана емес, сонымен қатар қабынуға қарсы, иммуномодуляциялық әсері және минималды жанама әсері бар жаңа фитопрепараттарды әзірлеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мақсаты
Ірі қара малдың індетті кератоконьюнктивитін емдеу үшін жергілікті дәрілік өсімдіктер шикізатынан фитопрепарат әзірлеу және оның фармакотерапевтік тиімділігін ғылыми негіздеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
1) Ірі қара малдың ІКК-нің таралу этиологиясы мен патогенезін зерделеу бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізу және емдік-профилактикалық әсері бар дәрілік өсімдіктердің тиімді түрлерін таңдау.
2) Дәрілік өсімдіктерден препарат (фитожақпа май) әзірлеу үшін фармакологиялық үйлесімділік бойынша оларды дайындауды, кептіруді және сақтауды жүзеге асыру.
3) ҚР ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда немесе шолуларда 1 (бір) мақала жариялау;
4) жобаны орындау барысында алынған нәтижелер негізінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасап, кемінде 2 (екі) мақала жариялаланады;
Қол жеткізілген нәтижелер:
- Шаруашылықтарда ірі қара мал арасында індетті кератоконьюнктивиттің таралуы бойынша мониторингтік зерттеу жұмыстары жүргізілді;
- Ірі қара малдың індетті кератоконьюнктивитін емдеу үшін жергілікті дәрілік өсімдіктер таңдалып алынды және шикізат дайындау процессі меңгерілді;
- Арнайы технологиясы бойынша фитожақпа май әзірленді;
- Фитожақпа майдың антимикробтық, қабынуға қарсы әсері және токсикологиялық қауіпсіздігі анықталды;
Жоба аясында жарияланған ғылыми мақалалар:
1. Боранбаева К.Е., Заманбеков Н.А., Туржигитова Ш.Б. және т.б. Изучение микробиологических свойств и субхронической токсичности изготовленной фитомази для лечения кератоконъюнктивита у крупного рогатого скота // «Ғылым және білім» ғылыми-практ.журналы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. ISSN 2305-9397. № 3-1 (80), 2025. – 264–275 б. DOI: 10.52578/2305-9397-2025-3-1-264-275
URL: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-1-264-275
2. Боранбаева К.Е., Заманбеков Н.А. Фармакотерапевтическая эффективность фитомазей при инфекционном кератоконъюнктивите у крупного рогатого скота //«Global issues conference 2025: Veterinary medicine, biology, biotechnology, zootechnology, pedagogical and philological sciences» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы./ К.И. Скрябин атындағы МВА, 12–13 мамыр 2025 ж. – 169–174 б.
3. Боранбаева К.Е., Заманбеков Н.А. Ірі қара мал кератоконьюнктивитін емдеу әдістерін жетілдіру жолдары // «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конф. – Алматы: «ҚазҒЗВИ» ЖШС, 2025. – 149–154 б.
4. Заманбеков Н.А., Боранбаева К.Е., Бакбаева А.М. Ірі қара малы кератоконьюнктивитін емдеу үшін дайындалған фитожақпа майының фармакологиялық қасиеттерін зерттеу // «Вопросы современных научных исследований» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
– Астана: «Академия» баспасы, «Мир науки», 2025. – 11–15 б.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Жоба нәтижелерін ветеринариялық қызметтер, мал шаруашылығы субъектілері, отандық фармацевтикалық кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу ұйымдары пайдалана алады.
Ғылыми кеңесші
Заманбеков Нуртлеу Акжолтаевич
ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 57204934197
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-6019-7947