Ермагамбетова Светлана Емлсовна — ветеринария ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры.
Троицк ветеринариялық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітіріп, ветеринариялық дәрігер біліктілігін алған. 2004 жылы ірі қара малдың пастереллезі мен лептоспирозының иммунопрофилактикасы тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми қызметі ветеринариялық микробиология, эпизоотология және биотехнология салаларымен байланысты. Негізгі ғылыми бағыттары — ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларын зерттеу, вакциналар мен пробиотикалық препараттарды әзірлеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық шараларды жетілдіру.
Көптеген ғылыми жарияланымдардың, оқу-әдістемелік құралдардың және патенттердің авторы. Жоғары білікті мамандарды даярлауға қатысады және университеттің ғылыми-білім беру қызметіне белсенді араласады.
Троицк ветеринариялық институты (Ресей)
Мамандығы: Ветеринария
Бітірген жылы: 1989
Біліктілігі: ветеринариялық дәрігер
Ветеринария ғылымдарының кандидаты
Мамандығы: 16.00.03 — ветеринариялық микробиология, вирусология, иммунология
Қорғаған жылы: 2004
SCOPUS ЖУРНАЛДАРЫ:
Bulegenova M.D., Biyashev K.B., Biyashev B.K., Kirkimbayeva Zh.S., Ermagambetova S.E. The prevalence of pathogens of intestinal zoonoses in animals and in environmental objects // Journal of Pharmaceutical Sciences and Research. – 2018. – Vol. 10(9). – P. 2373–2375.
КОКСНВО ЖУРНАЛДАРЫ:
Бияшев К.Б., Ермағамбетова С.Е., Сарыбаева Д.А., Жолдасбекова А.Е., Булегенова М.Д. Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы құстарындағы ішек инфекциялары қоздырғыштарының таралуы // Ізденістер, нәтижелер. – 2020. – №3 (87). – Б. 24–28.
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
– Salmonella dublin вакциналық штаммы бойынша зерттеулер, 2019;
– «Энтерокол» препаратының әсері, 2020;
– Пастереллалар штаммдарының биологиялық қасиеттері, 2021;
– S. typhimurium штаммын енгізу стратегиясы, 2021;
– Листериялардың биологиялық қасиеттері, 2022;
– Эшерихиялардың өтке сезімталдығы, 2022;
– Лептоспироз кезіндегі өзгерістер, 2023.
ПАТЕНТТЕР:
ҚР №24308 патенті (2017) – Ішек патогендерін анықтау.
ҚР №11490 патенті (2020) – Пастереллезге қарсы вакцина.
Бакалавриат:
• Ветеринариялық вирусология
• Қолданбалы вирусология
Магистратура:
• Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың вирустық этиологиялы энтероинфекциялары