Күнтуғанқызы Айсәуле 1976 жылы туылған, ұлты қазақ. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 300440 - «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын 2000 жылы бітірді. 2000-2002 жылдар аралығында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру және автомобиль тасымалы» кафедрасының ассистенті қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ автомобиль жол университетінің «Автомобиль жолдары және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасынада аға оқытушы болып қызмет атқарды.
2025 жылы Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің 7М11301 – «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтап, «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» бойынша ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің И.В.Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Күнтуғанқызы А. 2025 жылы «BR24993222 - Орнықты даму контекстінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын табиғи-шаруашылық жайластыру үшін шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жүзеге асырылған ғылыми жобаның орындаушысы болды. Күнтуғанқызы А. - жастардың кәсіби, көшбасшылық және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған республикалық және халықаралық деңгейдегі жобалардың тәжірибелі ментор-тренері. Ол республикалық «Zhas Project» жобасында, халықаралық UNICEF ұйымының «SAMGAU» бағдарламасында, сондай-ақ USAID қолдауымен жүзеге асырылатын білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамыту, кәсіби бағдар беру және тұлғалық әлеуетін арттыруға арналған жобаларда ментор-тренер ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар Күнтуғанқызы А. студенттердің әлеуметтік мәселелерді инновациялық бизнес идеялар арқылы шешуіне бағытталған халықаралық стартап Hult Prize жобасының Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі Campus Director өкілі болып табылады. 6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және 7М11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламаларының әзірлеушілердің бірі, тасымалдауды ұйымдастыру және логистика саласы бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын дамытуға, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне және тасымалдауды ұйымдастыру мен жол қозғалысының қауіпсіздігі және логистика сала үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады. Күнтуғанқызы А. кафедрада қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 10-тан астам ғылыми әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде Scopus дерекқорында 1 мақаласы жарияланды.
1. Оқу орны: Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Мамандығы: 300440-»Жол қозғалысын ұйымдастыру»
Бітірген жылы: 2000
Біліктілігі: жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны ұйымдастыру инженері
2. Оқу орны: Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті
Мамандығы: 7М11301 – «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану»
Бітірген жылы: 2025
Біліктілігі: «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша ғылымдар магистрі.
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
1. 2025 ж. «BR24993222 - Орнықты даму контекстінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын табиғи-шаруашылық жайластыру үшін шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының орындаушысы.
Сілтеме: https://www.kaznaru.edu.kz/kz/sciences/scientific-projects/73
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Aidar Khamit, Assem Dauletkeldyyeva, Aisaule Kuntugankyzy, Abubakir Abidin. Exploring sociolinguistic attitudes among multilingual youth in Kazakhstan. Scientific Herald of Uzhhorod University
Journal homepage: https://physics.uz.ua/en
Issue 55, 2929–2938
Received: 06.08.2023. Revised: 25.11.2023. Accepted: 08.03.2024
DOI: https://doi.org/10.54919/physics/55.2024.292vm9
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Конференция материалдары
1. Мәлімбек Е.М., Касымбаев Б.М., Илямов Х.М., Күнтуғанқызы А., Сапарбаев Е.Т. Дизельдік отынды ластанудан құрама тазарту жүйесін негіздеу. The 21th International scientific and practical conference «Scientists and methods of using modern technologies» (May 30 – June 02, 2023) Melbourne, Australia. International Science Group. 2023. ISBN – 979-8-88992-686-3. DOI – 10.46299/ISG.2023.1.21. 488-497 б
https://openarchive.nure.ua/server/api/core/bitstreams/a4c2e757-7b00-4cca-bf03-6a0983bb9f83/content
2. Дүйсенгалиев Х., Қалым Қ., Қасымбаев Б., Күнтуғанқызы А. Шағын биогаз қондырғысында метантенк араластырғышының орналасуына байланысты биогаздың шығымдылығын анықтау. «Энергия және ресурстар үнемдеу технологиялары: тәжірибелер және келешегі». II халықаралық ғылыми-тәжірибелік online конференция материалдары. 29 сәуір. Кызылорда – 2020, ISBN 978-601-285-078-9. 309-312 б.
3. Байзакова Ж.С., Абдильдин Н.К., Оспанов А.Т., Күнтуғанқызы А. Толунбеков Н.К., Оспанов Т.М. Критерии оценки работы
ускорителя обмолота нового типа. Architecture Technical science Colloguium-journal №4 (56). 2020 Warszawa. Polska, ISSN 2520-6990, ISSN 2520-2480
4. Байзакова Ж.С., Алибек Н.Б., Оспанов А.Т., Күнтуғанқызы А., Оспанов М.. Толунбеков Н. Повышение эффективности уборки сухих короткостебельных зерновых культур. Студенттер мен оқытушыларға арналған «StudNet» ғылыми-білім беру журналы №9/2020 30.05.2020, ISSN 2658-4964
https://stud.net.ru/povyshenie-effektivnosti-uborki-suxix-korotkostebelnyx-zernovyx-kultur-2/
5. Күнтуғанқызы А., Абдрахманова А.Е., Жаркен А.А. Применение технологии искуственного интеллекта в подготовке специалистов по логистике. Оқытушылар мен колледж студенттері арасындағы IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. «Табысқа жол – 2025: болашақ мамандықтары». 130-бет. ЦАТЭК, Алматы қ., 2025 – 299 б. ISВN 978-601-7611-27-9
6. Күнтуғанқызы А., Сарымсакова С.Т., Алдамурат А.А. Развитие soft skills у логистов через образовательные кейсы. Оқытушылар мен колледж студенттері арасындағы IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. «Табысқа жол – 2025: болашақ мамандықтары». 135-бет. ЦАТЭК, Алматы қ., 2025 – 299 б. ISВN 978-601-7611-27-9
7. Күнтуғанқызы А., Келлерман И.Д. Компетенции и навыки, востребованные у выпускников логистов работодателями. Оқытушылар мен колледж студенттері арасындағы IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. «Табысқа жол – 2025: болашақ мамандықтары». 143-бет. ЦАТЭК, Алматы қ., 2025 – 299 б. ISВN 978-601-7611-27-9
Әдістемелік ұсынымдар
1. Кунтуганкызы А. Методические указания к практическим работам по дисциплине «Организация перевозок и управление движением» для специальности 050901-»Организация перевозок, движения и эксплуатации транспорта». Казахский национальный аграрный университет.- Алматы: Айтумар, 2013.- 25 с.
http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
2. Черикбаев Р.К., Күнтуғанқызы А. «Жолдың жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік құрал: 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» маман. үшін ҚазҰАУ - Алматы: Айтұмар, 2018.- 44 б.
http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
2. Касимова Р.М., Жетпейсов М.Т., Сафаргалиев А.Е., Күнтуғанқызы А., Альчимбаева А.С. «Коммерциялық логистика» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар: 6В11302-»Логистика (сала бойынша)» білім беру бағдарламасына арналған. «ҚазҰАЗУ» КеАҚ.- Алматы: ҚазҰАЗУ, 2024.- 67 б.
http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=ECAT
3. Касимова Р.М., Жетпейсов М.Т., Сафаргалиев А.Е., Күнтуғанқызы А., Альчимбаева А.С. Методические указания для практических занятий по дисциплине «Коммерческая логистика»: для образовательной программы 6В11302-»Логистика (по отраслям)» НАО «КазНАИУ».- Алматы: КазНАИУ, 2024.- 67 с.
Бакалавриат:
-Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару,
- Жүктану,
- Көлік логистикасы,
- Жол қозғалысын ұйымдастыру,
- Жолаушылар тасымалын басқару,
- Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары,
- Автотехникалық сараптама,
- Жол-көлік оқиғасын сараптау,
- Қаланы көліктік жоспарлау,
- Жол полициясының қызметі,
- Тауар қозғалысының логистикасы,
- Тарату логистикасы,
- Халықаралық жүк тасымалдары,
- Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикаландыру.
1.Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Ғаламдық серіктестіктерді дамыту бағдарламасы. КЕАҚ ҚазҰАЗУ, 19.02.2026–20.02.2026, сертификат №68, 18 сағат;
2. Халықаралық форум. «Жасанды интеллектті енгізу жағдайындағы логистика және кәсіптік білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы». Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, МАБ, 23.04.2026–24.04.2026, сертификат, 16 сағат».
3. Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру ЖШС «Lawyers&Co», 26.05.2025 – 05.06.2025, сертификат №10293, 72 сағ;
4. Жол-көлік оқиғаларын сараптау, кешенді зерттеу және автотехникалық сараптама. ЖШС «RocTra», 14.04.2025–26.04.2025, сертификат №А-0002, 72 сағат;
5. Жүктану және жүктерді тасымалдау ережелері. Республикалық оқу орталығы ЖШС «Парасат», 07.04.2025 – 19.04.2025, сертификат №007-04/25, 72 сағат;
6. Тарату және тауар қозғалысы логистикасы. Республикалық оқу орталығы ЖШС «Парасат», 03.03.2025 – 15.03.2025, сертификат №001-03/25, 72 сағат;
7. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және басқару. «RAMAZAN» оқу орталығы, 03.02.2025 – 16.02.2025, сертификат №186, 72 сағат;
8. Жасанды интеллект. QAZ.EDU оқу орталығы (ЖШС «Lawyers&Co») 23.01.2025-05.02.2025, сертификат №17/02-2025,
72 сағат;
9. Тасымалдауды ұйымдастыру және жол қозғалысын басқару. Республикалық оқу орталығы ЖШС «Парасат», 13.01.2025 – 25.01.2025, сертификат №020-01/25, 72 сағат;
10. Жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи техникалық құралдары және автотехникалық сараптама бағдарламалары. «RAMAZAN оқу орталығы, 04.09.2023 – 15.09.2023, сертификат №032, 72 сағат;
11. Жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи техникалық құралдары және автотехникалық сараптама бағдарламалары. ОЦ «Тренинг Консалтинг», 14.08.2023 – 26.08.2023, сертификат №00059, 72 сағат;
12. «Көлік қызметтерін дайындау» даярлау бағыты бойынша IT-құзыреттілік және онлайн-оқыту әдістемесі саласы. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 19.06.2023 – 30.06.2023, сертификат №001574, 72 сағат;
13.Қашықтықтан оқыту платформалары және білім алушыларды онлайн курсқа дайындау. КЕАҚ ҚазҰАЗУ, 26.03.2021-10.04.2021, сертификат №1142, 72 сағат;
14. ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі мамандарын дайындау. ЖШС «ИСО енгізу агенттігі», 3 мамыр 2021 ж., сертификат №1457-AVISO-21, 72 сағат;
15. Жастарды менторлық сүйемелдеу және жастардың инновациялық дағдыларын дамытуға бағытталған UPSHIFT бағдарламасы бойынша тренерлерді дайындау тренингі. Юнисеф, «Жастармен жұмыс жасайтын қызметкерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы. 21.09.2020-03.10.2020, сертификат 42 сағат;
16. «Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік» бағыты бойынша soft skills дағдыларын қолдана отырып студентке бағытталған білім беру. ЖШС «SOFT SKILLS QAZAQSTAN», 20.04.2020 – 22.05.2020, сертификат №000306, 72 сағат;