З.С.Ақтамбердиева Қазақстан тарихын зерделеп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесімен айналысып жүрген жетекші ғалым. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтап, 2007 жылы осы университеттің диссертациялық кеңесінде отандық тарих мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.
1986 жылдан бастап 1993 жылға дейін Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музейдің бағалы тастар секторында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасады.
1993 жылдың күзінде Ауылшаруашылық институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті қызметін атқарды.
2008 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқу және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап бүгінгі таңда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Жалпы білім беру кафедрасында қауымдастырылған профессор.
2020-2023 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2024 жылдан зейнетке шықты. Бүгінгі таңда кафедраның аға оқытушысы ретінде жұмыс жасайды.
2010, 2012, 2014 жылдары ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді. 2011, 2013 және 2016 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҰБТ және КТ өткізу жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап НААР тәуелсіз сарапшысы және Қазақстан Республикасының бірнеше университеттерінде аккредиттеу комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары жоғары оқу орнында жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде қосқан үлесі үшін Алматы қаласының әкімінің және ҚазҰАЗУ университетінің ректорының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен, осы министрліктің ведомстволық наградасы – «Ахмет Байтұрсынұлы» күміс төсбелгісімен(2021), «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 90 жыл»(2022), «Аграралық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» (2023), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері»(2025) төсбелгісімен марапатталған.
1981-1986 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірген.
Ол ұлттық және халықаралық журналдарда 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
2007 жылы «Мәдениттану» екі оқулығы жарияланды.
2021 жылы «XIX ғасырдағы қазақ зиялылары» оқулығы жарық көрді.
2022 жылы т.ғ.д., профессор М.Ж. Әбдіровпен бірлесіп «Жетісу казак әскері: Жетісудың әскери-казак отарлау тарихынан 1867-1917жж» кітабы жарық көрді.
2024-2025жж. жарияланған мақалалары:
1. «Ғылыми ой жаңалықтары» XXI-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары , 22.10.-30.10.2024, Прага, Чехия
2. «Фундаменталды және қолданбалы ғылым» XXI-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 30.10.-07.11.2024, Ұлыбритания
3. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. - А. Х. Асылбектің 95 жылдығына арналған «ХХ ҒАСЫРДЫҢ I-ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының материалдарында жарияланды.
5. «Обновление и возрождение национальных индустриальных кадров Казахстана (1991-2009гг.). «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы» РҚБ Хабаршысы.1 (413). Январь-Февраль 2025г.
6. «Уральское казачье войcко – авангард военно-наступательной стратегии царской России в Западном Казахстане (XYI-XIX вв.). «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНІҢ ӘСКЕРИ ТАРИХЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы матеиалдарының жинағы. 10 сәуір 2025ж.
Бірінші курс студенттеріне «Қазақстан тарихы» пәнінен сабақ береді.
1. Өрлеу. «Современные методологические подходы в преподавании Истории Казахстана в вузах». 10-02-2025-28-02-2025 жылы, көлемі 72 сағат.
2. Өрлеу. «Теория и практика инклюзивного образования в вузе». 14.04.2025-29.04.2025. 72 сағат
3. «Инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» («Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в системе инклюзивного образования») Сертификат. Өрлеу. 12.12.2025-25.12.2025 80 сағат көлемінде. № 251212 - 0012 — 2560.