Болат Ұнат 1986 жылы туған, ұлты — қазақ. 2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тәмамдады. Университетті бітіргеннен кейін магистратураға түсіп, 2011 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Магистратураны аяқтағаннан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Аграрлық техника және технология» кафедрасына зертхана меңгерушісі қызметіне қабылданып, 2012 жылға дейін жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап «Механика және ауыл шаруашылығы техникасын құрылымдау» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2017 жылы «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша докторантураға түсіп, оны 2020 жылы аяқтады. 2020 жылдың қыркүйегінде «Механика және ауыл шаруашылығы техникасын құрылымдау» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды.
2023 жылы докторлық диссертациясын дайындау мақсатында өндіріс саласында жеке еңбек қызметімен айналысты. 2026 жылдың қыркүйегінен бастап «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады.
2011 жылы «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі мен біліктілігін алды. Қазіргі уақытта 6D080600 — «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Тұқым себер алдындағы топырақ өңдеу құрылғысының параметрлері мен жұмыс режимін негіздеу» тақырыбында докторлық диссертация дайындауда.
Кәсіби қызметі барысында «Инженерлік графика», «Инженерлік және компьютерлік графика», «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Механика», «Техникалық механика», «Теориялық механика», «Теориялық және қолданбалы механика» және басқа да бейіндік пәндер бойынша дәрістер, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде жүргізді.
-
Мамандығы: Кәсіптік оқыту
-
Бітірген жылы: 2009
-
Біліктілігі: Кәсіптік білім беру маманы
-
Мамандығы: Аграрлық техника және технология
-
Бітірген жылы: 2011
-
Біліктілігі: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
-
Мамандығы: Аграрлық техника және технология
-
Бітірген жылы: 2020
-
Болат Ұ., Бекбосынов С. К оценке агротехнической эффективности машин и агрегатов для предпосевной почвы // «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында агроөндіріс кешенін дамытудағы жас ғалымдардың үлесі» халықаралық ғылыми-техникалық конференция материалдар жинағы, 5-6 сәуір 2018 жыл, Алматы
-
Болат Ұ., Бекбосынов С., Жумагулов Ж. Обоснование принципа действия ребочего органа устройства по предпосевной подготовке почвы для условий для юга Казахстана // Жастар жылы аяасындағы «Жастар және қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» атты жас ғалымдардың VI халықаралық конгресінің материалдары, 4-10 сәуір 2019 жыл, Алматы
-
Болат Ұ. Крук И.С., Назаров Ф.И., Назарова Г.Ф. Определение давления кольчатопруткового катка на почву // Техническое и кадровое обеспечение инновационных технологий в сельском хозяйстве материалы Международной научно-практической конференций, 20-25 октября 2019 года, Республики Беларусь. Минск
-
Болат Ұ., Төлбаев Ә., Ибишев Ө. Компьютерлік графика жазық пішінді тетік бөлшектің сызбасын АвтоКАД жүйесінде орындау. 2017, Алматы
-
Болат Ұ., Төлбаев Ә., Ибишев Ө. Компьютерлік графика АвтоКАД жүйесінде үшөлшемді модельдеу. 2017, Алматы
• Инженерлік және компьютерлік графика
• Инженерлік графика