Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті КЕАҚ базасында өтетін, келесі білім беру бағдарламалары бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңіне қатысуға шақырады.
- Жеміс-көкөніс шаруашылығы;
- Су ресурстары және суды пайдалану;
- Ветеринариялық медицина;
- Бағалау.
Жоғары оқу орындарынан (ЖОО) пәндік олимпиадаға әрбір білім беру бағдарламалары бойынша 3 және 4 курстан 3 студентке дейін қатыса алады. Студенттердің өздерімен бipгe жеке куәлігі болуы тиic.
Олимпиада 2-кезеңнен өткізіледі:
-
- Тестілеу;
- Теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды шешу Олимпиадаға шығарылатын пәндер тізімі, білім беру бағдарламасы бойынша 1 қосымшада және https://www.kaznaru.edu.kz/ сайтында көрсетілген.
Ескерту! Олимпиада тек жеке түрде жүргізіледі! Командамен қатысу қарастырылмаған және бағаланбайды.
Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілі
2025 ж. 24 сәуір – Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы, 1, 2 турдың өткізілуі.
2025 ж. 25 сәуір– Жеңімпаздарды марапаттау. Олимпиаданың жабылуы.
Олммпиаданың бірінші (университеттік) кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар, ұйымдастыру комитетінің kymbat.karimova@kaznaru.edu.kz электрондық поштасына 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін келесі құжаттарды жіберулері керек:
- олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған сканерленген хат немесе ІІ кезеңге қатысу үшін ұсыным хаттамасымен ресімделетін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі;
- қатысушылар өтінімді Coogle сілтеме https://forms.gle/Q4Z7cRKg56iY6pju5 арқылы толтырады және kymbat.karimova@kaznaru.edu.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз;
- қатысушының сканерленген жеке куәлігі/паспорты.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Абай даңғылы 8, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, бас оқу ғимараты, 46 каб.
Байланыс телефондары: ұ.т. 87051962100 (Азамат); 87089945581 (Қымбат).