Зұлқарнай Сейітовке арналған «Ерлікке тағзым» атты бейне ролик
Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 78 жылдығы аталып өтуде. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Физиология, морфология және биохимия кафедрасында қызмет атқарған соғыс ардагері, Сталинград шайқасына, Белоруссия мен Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан, Қызыл Жұлдыз ордені және «Ерлігі үшін» медальдармен марапатталған - Зұлқарнай Сейітов.
1942 жылы ол оныншы сыныпқа енді ғана қадам басып, Қызыл Армия қатарына шақырылды. Свердлов облысы Туринск қаласына әскери дайындыққа жіберілді. Сол жылы Ленинград майданына жіберіліп, 2-ші соққы армиясы құрамында басқыншыларға қарсы соғысқан. Кейін жау танктерін жою бойынша арнайы дайындықтан өткен. Саперлықты үйреніп миналардан тазартты.
Соғыстан кейін Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, Алматыға жұмысқа жіберіліп, биология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болды.
Зұлхарнай Сейітов – Әл-Фараби және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты химия факультеті жанындағы диссертациялық кеңестердің мүшесі.