29 қаңтарда 8D082 Мал шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 13:00-де және 15:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы (6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы; 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Нусупов Аманжан Максуткановичтың ««Камышинское» ЖШС жағдайында «Ертіс» сүтті типті симментал сиырларының және оның будандарының өнімділігі» тақырыбында және Маратова Гүлдана Маратқызының «Жасанды ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру үшін генетикалық әдістерді пайдалану арқылы бекіре балықтарының ремонттық аналық үйірлерін қалыптастыру» тақырыбындағы 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғауы өтті.
8D082 Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №2, 3 хаттамалары негізінде Нусупов Аманжан Максуткановичке және Маратова Гүлдана Маратқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.