ХАБАРЛАНДЫРУ: I LOVE KazNARU конкурсы жарияланады
KazNARU Жастар ісі жөніндегі комитеті
«English Club» тіл үйрену клубының қолдауымен
қызықты конкурс жариялайды!
Тақырыбы: #I LOVE KazNARU
Мақсаты: – студенттердің әлеуметтік-қоғамдық белсенділігін арттыру, университеттің дәстүрлерін дамыту және нығайту, университеттің жаңа логотипінің танымалдығын арттыруға атсалысу.
Конкурс шарттары:
Конкурс екі номинацияда жарияланады:
- 15-30 секундтық бейнеоролик, роликте міндеттті түрде университет логотипі болуы тиіс.
- Қатысушының университет логотипін пайдалана отырып түсірілген фотосы.
Конкурсқа университеттің кез келген білім алушысы қатыса алады. Қатысуға тілек білдірген білім алушылар жұмыстарын (бейноролик немесе фото) #IloveKazNARU хэштегін пайдалана отырып, @kaznaru_zhastary парақшасын белгілеп, Инстаграмдағы өз парақшаларында жариялайды. Бір білім алушы екі номинацияға да қатыса алады.
Жұмыстарға қойылатын талаптар:
- бейнеролик/фото мазмұны Қазақстан Республикасының заңдары мен қоғамдық мораль нормаларына қайшы келмеуі қажет;
- бейнероолик/фото университеттің жағымды имиджін арттыруға ықпал етуі тиіс;
- бейнероликте бөгде тұлғалардың, ұйымдардың дизайндерін, әлеуметтік желілерден алынған слайд-шоуларды қолдануға болмайды;
- бейнероликті/фотоны университеттің аумағында немесе Алматының көрікті жерлерінде түсіруге болады;
- бейнероликтер/фотолар университет өміріне қатысты жарнамалық материалдарда, сайттарда, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуы мүмкін.
Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Арнайы құрылған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының құрамына университет басшылығының, баспасөз қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері енеді.
- Жеңімпаздар грамоталармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 29 ақпан күні жастар орталығында (1а корпус ) жүргізіледі.
- Конкурс қорытындысы университет сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады.