KazNARU

KazNARU ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАУСЫМАШАР 2024» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Елордамыз Астана қаласында «Жайдарман» ойындарының жаңа маусымының ашылуына орай, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен «Маусымашар – 2024» респуб¬ликалық фестивалі кең көлемде дүркіреп өтті.  

✅ Бұл дүбірлі додаға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің атынан «KazNARU Қырандары» мен «Алматы аграрка» командалары қатысып, жұлдыздары жарқырап, жүлделі орындарды иеленді. 

✅  Фестивалға еліміздегі барлық жетекші университеттер мен институттардың таңдаулы жайдарманшы командалары қатысып, бақ сынасты. Іс-шараның ашылу барысында креативті жас таланттарды қолдауды мақсат етіп отырған Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері де қатысып, өнерпаздарға сәт сапар тіледі.

✅ Соңғы жылдары әзіл сүйер талапты жастарды бір арнаға тоғыстырған «Жайдарман» ойындары жастардың білімін дамыта отырып, ой-өрісін өсіретін, эстетикалық талғамдарын байытатын өнердің бір түрі ретінде өріс алды.  «Жайдарман» өрендердің тұлғалық қабілеттерін шыңдап, сөйлеу мәнері мен сахна мәдениетін, ой жеткізу шеберлігін меңгеруді үйретеді.

✅ Бұл дүбірлі додаға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің атынан қатысқан «KazNARU Қырандары» - Аймақтық лигаға, ал  «Алматы аграрка» - NOMAD LIGAға жолдама ұтып алды. 

Ернұр Сәдібекұлы, Ринат Қадырбек («Су,жер және орман ресурстары» факультеті) Дамир Ерланұлы, Аманжол Байтилесов («Бизнес және құқық» Жоғарғы мектебі), Нариман Нұрдаулет («Агробиология» факультеті), Ақмаржан Тастанбек («Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті), Еркебұлан Байрам («Ветеринария» факультеті) т.б. студенттеріміз көрермендердің зор қошаметіне ие болды.

✅ Жеңімпаздарды «Жайдарман» қозғалысының көшбасшысы, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен құттықтап, олардың орындаушылық шеберліктеріне жоғары баға берді.

✅ Жоғары лигаға жолдама ұтып алған жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Өнер өрісіндегі шығар асуларыңыз биік болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі