KazNARU

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетел жоғары оқу орындарына (АҚШ, ОША, Еуропа) оқуға жіберуге үміткерлердің кезекті конкурсы жарияланады.

Іріктеуге 2-3 курс студенттері (грант) қатыса алады. 5 жыл оқытылатын мамандықтар бойынша 3 курс  студенттеріне де жол ашық.

Конкурсқа қатысу үшін білім  алушылар міндетті түрде факультет деңгейінде тілдік мониторингтен  өтуге  міндетті. Тілдік мониторингтен  өткен  білім алушылар екінші қорытынды іріктеуден өтеді. Конкурстан өткен білім алушылар Халықаралық офиске  (бас ғимарат, 36 кеңсе) 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін міндетті түрде келесі құжаттарды өткізу керек:

1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш

2. Транскрипт

3. Кафедрадан ұсыныс хат

4. IELTS, TOEFL (шет тілі) сертификаттары

5. № 072/е нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін)

6. Грамоталар, сертификаттар, алғыс хаттар (бар болса)

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Бас ғимарат, 36 кеңсе

тел. 264-19-95

Досыбекова Гүлшат Әділғожақызы

Жетекші маман

+ 7 775 916 8385

gulshat.dosybekova@kaznaru.edu.kz

 

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!

Халықаралық офис

---------Chatbot---------
виртуальный помощник