KazNARU

«Су, жер және орман ресурстары» факультеті, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Ахметкеримова Гульнура Елеусізқызы және ассистент Баймырзаев Айдос Әліақынұлы факультет кестесіне сәйкес 2024 жылдың 15 наурыз күні, Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан №174 мектеп-гимназиясына барып, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргіздік.

Кәсіби бағдар беру жұмысын атқару барысында, оқушыларға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беріліп, білім беру бағдарламасы тобының нөмірі, топтары, бейіндік пәндері, қабылдау шекті балы туралы ақпараттар жазылған  кітапшалар және 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі жайлы ақпараттар берілді.

№174 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылында мектеп бітіретін 5 сынып бар, жалпы оқушылар саны -120.

Кәсіби бағдар беру жұмысын атқару барысында №174 мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Шолпанбекова Гульнар Сейсенбекқызы және сынып жетекшілері қатынасып, біздің университеттің білім беру бағдарламаларына өз қызығушылықтарын танытты.

Оқушылармен кездесу барысында көпшілігі өздерінің таңдау жасап қойғандықтарын, алайда әлі де ойланатындықтарын жеткізді. Кейбір оқушылар география-математика бейіндік пәндерін таңдаған жағдайда қандай білім беру бағдарламасына тапсыра алатындарын сұрады, толыққанды жауап берілді.

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Ахметкеримова Г.Е. және ассистент Баймырзаев А.Ә.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник