KazNARU

KazNARU ХVI Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға шақырады

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер! Сіздерді 2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті  КЕАҚ базасында өтетін, келесі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиадасының  ІІ кезеңіне қатысуға шақырады. 

  • Өсімдік шаруашылығы;
  • Мал шаруашылығы;
  • Орман шаруашылығы;
  • Балық шаруашылығы;
  • Су ресурстары және суды пайдалану;
  • Ветеринария;
  • Агроинженерия;
  • Қаржы, экономика, банк және сақтандыру (Бағалау);
  • Механика және металл  өңдеу (Машина жасау).

Жоғары оқу орындарынан (ЖОО) пәндік олимпиадаға әрбір мамандық бойынша 3 және 4 курстан 3 студентке дейін қатыса алады. Студенттердің өздерімен бipгe жеке куәлігі болуы тиic.

Олимпиада 2-кезеңнен өткізіледі:

  1. Тестілеу;
  2. Теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды шешу

Олимпиадаға шығарылатын пәндер тізімі, білім беру бағдарламасы бойынша 2 қосымшада және   https://www.kaznaru.edu.kz/   сайтында көрсетілген. 

            Ескерту! Олимпиада тек жеке түрде жүргізіледі! Командамен  қатысу қарастырылмаған  және бағаланбайды.

Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілі

2024 ж. 25 сәуір – Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы, 1, 2 турдың өткізілуі.

2024 ж. 26 сәуір– Жеңімпаздарды марапаттау. Олимпиаданың жабылуы.

            Олммпиаданың бірінші (университеттік) кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар, ұйымдастыру комитетінің uo_18@mail.ru  электрондық поштасына 2024 жылдың 20  сәуіріне дейін келесі құжаттарды жіберулері керек:

-  олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған сканерленген хат немесе ІІ кезеңге қатысу үшін ұсыным хаттамасымен ресімделетін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі;

- сканерленген (Word) өтінім (1-қосымшаны қараңыз);

- қатысушының сканерленген жеке куәлігі/паспорты.

        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050010, Алматы қ., Абай даңғылы 8, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті,

бас оқу ғимараты, 46 каб.

        Байланыс телефондары:

 жұм.тел.:  8 (727) 262-19-64; 87089945581 ұ.т.

Пәндік олимпиадаға қатысуға ТАПСЫРЫС

Білім беру бағдарламасының тобы

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник