KazNARU

"Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының магистранттары үшінші курс студенттеріне тәрбие сабағын өткізді

 

«Су, жер және орман ресурстары» факультетінің  7M08610 – «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару » білім беру бағдарламасы бойынша 1 курста оқитын магистранттары Даирбай Қ.Н, Оралбекрва Ж.Ж , Намазбаева Ұ.Б және ВР-21-16К тобының студенттері ұйымдастырған «14 – наурыз көрісу Амал мерекесі» атты іс-шарасы өткізілді.

14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.

Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.

  

Іс-шараға "Кәсіптік оқыту" кафедрасының қауымдастырылған профессоры п.ғ.к. Г. Н. Скабаева және "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Қ. Жанымхан қатысты. Сабақ өте қызықты өтті.

Магистранттардың педагогикалық практикасына жауапты -

Жакупова Жанар Зиядовна

---------Chatbot---------
виртуальный помощник