20 маусымда 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 20 маусымда сағат 11:00 және 14:00 -де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) (6D080800 – Топырақтану және агрохимия; 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 – Топырақтану және агрохимия; 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Туребаева Сагадат Даулетбековнаның «Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде топырақты нөлдік өңдеу жағдайында күздік бидайды өсіру кезінде тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері» және Жумагулова Молдир Кайрболатовнаның «Іле Алатауының күңгірт қара-қоңыр топырағы жағдайында алманың (Апорт сорты) өнімділігіне минералдық тыңайтқыштар мен МЭРС биопрепаратының әсері» тақырыптарындағы 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №4, 5 хаттамалары негізінде Туребаева Сагадат Даулетбековнаға және Жумагулова Молдир Кайрболатовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.