KazNARU

KazNARU БАСШЫЛЫҒЫ ЖЫЛ КУРАТОРЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ

 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру және топ кураторларының  жұмысын ынталандыру мақсатында «Жыл кураторы» конкурсы жарияланған болатын. Конкурс 2024 жылдың сәуір-маусым аралығында өтіп, белгіленген Ереже бойынша оған университетіміздің оқытушылары – І-ІV курстардың академиялық топтарының кураторлары қатысты.

✅  Бүгін конкурсты қортындылаған Қазылар алқасының шешімі жарияланып, KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов жүлделі орын алған кураторларға салтанатты жағдайда арнайы жүлделер мен Дипломдар тапсырды.

✅  Кокурстың мақсаты – кураторлар қызметін жетілдіру және белсенділігін арттыру; куратор іс-әрекетінің жаңа тиімді тәсілдмелерін анықтау және оларды тәжірибеге енгізу; университеттің тәрбиелік үдерісінде куратор жұмысының қоғамдық мәнін күшейту; университеттің үздік кураторларын моральдық және материалдық жағынан қолдау; университеттің өзіндік тәрбиелік дәстүрлерін қалыптастыру. 

✅  «Екі кезеңнен тұрған байқауда әр топтағы студенттердің үлгерім көрсеткіштері, кураторлық тәрбие сағаттарының ерекшеліктері, тәрбиенің басым бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралардың қоғамдық мазмұны, студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жұмыстарының нәтижелері,  өнер мен спортта, шығармашылық салаларда (олимпиада, спартакиада, түрлі жарыстарда) үздік көрсеткіштерге қол жеткізген топтардың ұпай баллдары назарға алынды. Үздік нәтиже көрсеткен топ кураторларын университет басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының атынан және ұжым атынан құттықтай отырып, Дипломдар мен қаржылай сыйлықтарды табыс етуге рұқсат етіңіздер!» - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅  «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жаманғараева Айгүл Нұрданқызы – І орын.
✅ «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр,  Барлықова Нұрлыхан Әділханқызы – !! орын.
✅ «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, а-ш.ғ.к. Құланбай Қаламқас Жанабекқызы – ІІІ орын.

✅ Ынталандыру сыйлықтарына: «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының ассистенті, магистр Зиябек Дана Бектасқызы, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Абжалиева Аида Болатбекқызы, «Энергияны үнемдеу және автоматика» аға оқытушысы, PhD Демесова Сауле Талғатқызы ие болды.

✅  Үздік деп танылған кураторларды мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттіліктер тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник