ҚҰРМЕТТІ АБИТУРИЕНТТЕР!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Су тасқыны болған аймақтардағы талапкерлер үшін 13-24 шілде аралығы.
Өтінішті KazNARU қабылдау комиссиясы арқылы немесе онлайн режимінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.
Сондай-ақ, құжаттарды кез келген ЖОО-да (Сіздің орналасқан жеріңіз бойынша) тапсыруға болады.
KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, IT-технологиялар, логистика, бизнес және менеджмент саласында жоғары білікті мамандар даярлайды.
Соның бірі – ең байырғы «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті. Факультет түлектері бәсекеге қабілетті мамандар ретінде «Байсерке Агро», «Беккер и К», «Бахус», Raimbek Agro, Gavex AG, «Бірінші сыра зауыты», «Шин-Лайн» ЖШС, «Бижан ет өңдеу зауыты», РГП «ҚазСтандарт» және басқа танымал сүт, қант өндіру, тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындарда абыройлы қызметтер атқаруда.
Биыл «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламалары үшін шекті балл – 50.
KazNARU Алматыдағы студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен жалғыз оқу ордасы.
Грантқа түсіп, жоғары стипендия алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Келіңіздер! Ауыл шаруашылығы мамандықтары сіздерді табысқа жетелейді!
Қабылдау комиссиясы әрбір талапкерге толық ақпарат беріп, көмек көрсетуге дайын.
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі