KazNARU

БҮГІН ГРАНТТАР КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ

✅ Соңғы сәттерде алыс жақтардан келіп, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне құжат тапсыруға үлгерген талапкерлер де аз емес.

✅ Солардың бірі – Алма Айдарбекқызы Ерасыл Алматы облысы Бақанас ауылында орта мектепті биыл бітірген екен. Ол «Агробиология» факультетін таңдағынын және диплом алған соң, туған ауылын түлетуге үлес қосқысы келетінін қуана жеткізді.

✅ Ал, Жамбыл облысының Қордай ауданынан алып-ұшып жеткен Төлеби Темірлан Төлегенұлы да «Бизнес және құқық Жоғары мектебінің» құқықтану саласына құжатын тапсырып, осы университетте білім алуды армандайтынын білдірді.

✅ KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, IT-технологиялар, логистика, бизнес және менеджмент саласында жоғары білікті мамандар даярлайды.

✅ Ауыл шаруашылығы мамандықтары сіздерді табысқа жетелейді!

✅ Бізге келіп, білім шыңына қол созған барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі