«Инновациялық саясатты ғылыми-технологиялық басымдықтармен үйлестіру қажет»,- Президент
Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда отандық ғылымға да ерекше маңызды рөл жүктелді дейді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев. Ғылымның қайтарымы көбінесе оның нәтижелерін өндіріске енгізу деңгейіне байланысты. Бұл отандық ғылымның осы күнге дейін өз шешімін таппаған олқылығы екенін айтады. Мұның себебі зерттелетін тақырыптардың өзектілігі мен зерттеу қызметінің аймақтық басымдықтарын анықтау тетіктерінің болмауында және сәйкесінше, нақты сектор тарапынан олардың нәтижелеріне сұраныстың жоқтығында дейді.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Ғалымдардың 65 пайызы 3 қалада отыр шоғырланып Алматыда, Астанада, Шымкентте. Өңірде тек 35 пайыз ғалымдар жұмыс істейді. Ғылымның қаржысының 75 пайызы екі қалада Алматы мен Астанада. Өңірлерде ғылымға дұрыс ақша бермейміз. Осында өзгеріс болмаса онда өңірлерге, өндіріске енгізетін ғылымның пайдасы болмайды. Осындай мәселеге назар аударуымыз керек.
https://astanatv.kz/kz/news/122000/