12 қыркүйекте 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 12 қыркүйекте сағат 11:00-де және 14:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Боранбаева Карлыгаш Ерболатовнаның «Ірі қара малдың індетті кератоконъюнктивитінің қоздырғыштарын анықтауға арналған нақты уақыттағы мультиплексті полимеразды-тізбекті реакциясын құрастыру» тақырыбындағы және Карагулов Адилбай Итемгеновичтің «Адамдар мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының таралуындағы жарқанаттардың рөлі» тақырыптарындағы 8D09101–«Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулар өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №11, 12 хаттамалары негізінде Боранбаева Карлыгаш Ерболатовнаға және Карагулов Адилбай Итемгеновичке философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.