KazNARU

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАДЫ

✅ Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасында «Жастар арасында волонтерлікті дамытуға және студенттік өзін-өзі басқару органдарын күшейтуге» басты назар аударылған.

✅ ЖОО-лардағы студенттік өзін-өзі басқару органдары – білім алушылардың әлеуметтік, азаматтық белсенділігін дамытуға, өмірлік ұстанымын, жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін ашуға бағытталған бастамашыл, қоғамдық ұйымның ерекше формасы. Яғни, студенттердің өз бастамасымен құрылатын және әр түрлі білім беру, тәрбие салаларында әлеуетті дамытуға бағытталатын, білім беру мекемесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейтін қоғамдық ұйым.

✅ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде де студенттік өзін-өзі басқару ұйымы белсенді жұмыс жасайды, ол оқу орнымызда өтетін барлық қоғамдық, мәдени-көпшілік, спорттық, әлеуметтік іс-шаралардың бастамашысы және тікелей ұйымдастырушысы болып табылады», - дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Әшірәлі Сманов.

✅ Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттік жастар саясатына қатысты университет басшылығы мен басқа да құрылымдармен бірлесе жұмыс жасау; студенттік кеңестер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру; факультеттер мен Жастар ісі жөніндегі комитетпен тығыз байланыс жасау арқылы оқу аудиториялары мен жатақханаларда қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер өткізу; студенттердің бос уақытындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу, құқығын қорғау сияқты шараларды жүзеге асырады.

✅ Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен жақында оқу корпустарында өзін-өзі басқару ұйымының негізгі буыны – Студенттік декандар мен Студенттік кеңес төрағаларын сайлау болып өтті. Студенттік декандыққа үміткерлер өздері туралы видеороликтер дайындап, бағдарламаларымен таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған белсенділер ұйым жетекшілері болып сайланды.

СТУДЕНТТІК ДЕКАНДАР

✅ «Агробиология» факультеті

Бейбіт Нұрай Жандарбекқызы

✅ «Бизнес және құқық жоғары мектебі»

Қуандықов Марлен

✅ «Ветеринария және зооинженерия» факультеті

Қадыр Аслан Оразалыұлы

✅ «Инженерлік технологиялар» факультеті

Сабыралы Сырым

✅ «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті

Рысалы Наргиз Бахытқызы

✅ «Су ресурстары және ІТ-технологиясы» факультеті

Қырғызбай Еламан Тұрлыбекұлы

СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ТӨРАҒАЛАРЫ

✅ №1 «Болашақ» студенттік жатақханасы

Мұқаш Мөлдір

✅ №2 «Жас орда» студенттік жатақханасы

Әділқызы Айым

✅ №3 «Шаңырақ» студенттік жатақханасы

Амантұрқызы Аяжан

✅ №5 «Жалын» студенттік жатақханасы

Қуанәлі Қырмызы

✅ №6 «Ақбұлақ» студенттік жатақханасы

Қалибек Сандуғаш

✅ №10 «Ақ қайың» студенттік жатақхана

Ниязбек Аяулым

✅ Студенттік декандар мен Студенттік кеңес төрағаларына алдағы уақытта қоғамдық жұмыстарына сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник