РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЫ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ, АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫНДА БОЛДЫ
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында халықаралық ынтымақтастық аясында профессор, а.-ш.ғ.д., біздің факультетіміздің түлегі, қазір Алтай мемлекеттік аграрлық университетінің (Барнаул) "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, Маленко Александр Анатольевич ҚазҰАЗУ-де, "Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы" кафедрасында болды.
Маленко Александр Анатольевич Алтай мемлекеттік аграрлық университетінде жолақты ормандағы орман екпелерінің қалыптасуы, өсуі және биоөнімділігі саласында зерттеулер жүргізеді және антропогендік әсермен бұзылған Оңтүстік-Батыс Сібірдің жолақты ормандарында фитоценозды қалпына келтіру мәселелері бойынша жобалардың жетекшісі болып табылады.
Кафедра ПОҚ-мен және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды, Александр Анатольевич, саласы бір универсететтің қызметі мен жұмысы туралы бөлісті және келешекте бірлескен жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге болатынын ұсынды.
Кездесу барысында студенттер белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойылды. А.А. Маленко егжей-тегжейлі жауап беріп, студенттерді "ұтқырлық желісі" бойынша Алтай университетіне шақырды және қос дипломды білім беру мәселесі талқыланды.