KazNARU

БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ: Р. ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ƏСКЕРИ-ТАРИХИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Рахымжан Қошқарбаев - Рейхстагқа ту көтерген батыр» тақырыбында əскери - тарихи конференция өтті. Конференцияны ҚазNARU мен ҚазҰПУ әскери кафедралары ұйымдастырды.

✅Шараға Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Алия Қошқарбаева, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Офицерлер Одағы» қоғамдық бірлестігінің Прездиум төрағасы генерал-майор Махмут Телегусов, әскери ғылымдар докторы, профессор, әскери ғылымдар Академиясының нақты мүшесі, отставкадағы полковник Досай Абраимов, Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Бекмухан Курманалиев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті әскери кафедрасының студенттері Ернұр Оралбай, Нұрбол Тоқберген, Рамазан Жұбатқан және Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасының студенттері Өркен Нүсіпжанұлы, Нұрбосын Дәулетәлі, Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасының оқытушысы, запастағы полковник Рустам Ерзин, т.б. әскери кафедралардың жауапты оқытушылары қатысты.

✅Конференцияда Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев туралы бейне-баян көрсетіліп, батырдың өмір жолы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық батырлар туралы баяндамалар тыңдалды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник