KazNARU

KazNARU ҰСТАЗДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұстаздары мен 300-ге жуық студенті бүгін қалалық сенбілікке белсене қатысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында олар Алматы қаласы, Жаңа Саин көшесінің шығысы, Үлкен Алматы каналы бойындағы «ALA» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 300 түп ағаш отырғызды.

✅ "Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты — халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға аудару және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

✅ Сенбілік барысында танымал эстрада әншілері өз өнерлерін көрсетіп, қатысушылардың көңілін көтеріп, еңбекке ынталандырды. Сенбілік соңында түскі ас таратылып, би ұйымдастырылды.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник