KazNARU-да 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН ОРЫНДАЛДЫ
2024 жылдың 24 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік гимн орындалды.
Іс-шараға университеттің әкімшілігі, барлық факультеттің білімгерлері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты.
Республика күні ерекше мәнге ие. Өйткені ол елдің мемлекет құрудағы тарихи қадамының символы болып табылады.
25 қазан - еліміз үшін Тәуелсіздігіміздің қалыптасу тарихындағы маңызды даталардың бірі. Дәл осы күні 1990 жылы тәуелсіздікке қол жеткізудің алғашқы қадамы болған. Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
Сіздерді тәуелсіздігімізді нығайтуға және дәріптеуге септігін тигізетін ұлттық мерекемен құттықтаймыз!
KazNARU баспасөз қызметі