KazNARU

KazNARU-да НАРЫҚ ЗАМАНЫНА САЙ НАҒЫЗ МАМАН ДАЯРЛАУҒА СЕП БОЛАР МАЗМҰНДЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Бизнес және құқық жоғары мектебінде 2024 жылдың 5 қарашасында мазмұнды дәріс оқылды. Нарық заманында нағыз өз ісінің маманын даярлау мақсатын көздеген мұндай маңызды кездесуді Х.Д. Чурин атындағы Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру кафедрасы ұйымдастырып отыр.

✅Аталмыш кафедраның менеджмент ғылым магистрі, аға оқытушы Елтаева К.Е. «Тұран» университеті «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің PhD, қауымдастырылған профессоры Джумадилдаева Жания Бакитовнаның қатысуымен қонақ дәрісін өткізді.

✅«Маркетингтік коммуникациялық саясат» тақырыбында дайындалған тағлымды дәріс ГМУ-23-01К, ГМУ-24-01К уск, МК-23-01К, МН-23-01К, МН-24-02К уск, ФН-23-01К, ЭК-23-01К, ЭК-24-01К уск білім беру бағдарламаларының студенттерін қамтыды. Білімгерлер бұл мүмкіндікке белсенді қатысты. Әрі өз саласындағы құнды ақпараттарға қанық болды.

✅Маркетологтардың кәсіби мерекесіне орайластырылған мән-маңызы жоғары қонақ дәрісі өз деңгейінде өтті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник