KazNARU-да «GREEN WEEK» ЖАСЫЛ АПТАЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ
«Green week» жасыл апталығының ресми жабылуында KazNARU басшылығы тарапынан университеттің талдау және стратегия департаментінің директоры Алексеева Марина Александровна AGROKAZ жобасының Сербиядан келген қонақтарына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.
KazNARU-дың халықаралық кеңсесі бұл ынтымақтастықтың маңыздылығына бас мән беріп, AGROKAZ делегациясы өкілдерімен білім беруді интернационалдандыру перспективалары туралы алдын ала презентациясын жасады.
Сербиядан AGROKAZ жобасының өкілдері өз кезегінде бірлескен практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға жоғары баға берді және тұрақты даму мақсаттарына байланысты проблемаларды шешуге өзара мүдделілік танытты. Бұл гранттар бөлуді, сыртқы инвестицияларды тартуды және нақты міндеттерге бағдарланған зерттеу орталықтарын құруды қамтиды.
«GREEN WEEK» жасыл апталығы аясында мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Онда ғылыми пікірталастар, жетекші мамандардың шеберлік сыныптары, конкурстар, ұлттық парктерге бару және т.б. іс-шаралар тізбегі өткізілді.
Іс-шара Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты мен KazNARU жанындағы Халықаралық кеңсенің қолдауымен өткізілді.
KazNARU баспасөз қызметі