13 желтоқсанда 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2024 жылғы 13 желтоқсанда сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Толепова Гулзат Канибековнаның «Балық және балық өнімдерінің адамға қауіпсіздігі мен сапасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының описторхоздан қолайсыз аймақтарында (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары) табиғи су қоймаларына паразитологиялық мониторинг жүргізу» тақырыбындағы 8D09102 – «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №28 хаттамасы негізінде Толепова Гулзат Канибековнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.