KazNARU БАЗАСЫНДА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6B03111 – Практик психологтарды даярлау» мамандығының 4-курс студенттері KazNARU-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің «Психологиялық қолдау қызметінде» өндірістік тәжірибеден өтуде.
2025 жылдың 13 қаңтары мен 22 наурызы аралығында жалғасатын бұл тәжірибенің бірінші аптасында практиканттар студенттік көшбасшылар мен студенттік ұйымдардың жетекшілерімен, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесіп, оқу корпустары мен студенттік жатақханаларды аралап көрді, білім алушылардың менталды денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстары мен қызығушылықтарын тыңдап, талқылады.
Практикантар «Progress» психологиялық тобының мүшелері ретінде бекітілген жоспарға сәйкес, KazNARU психологы, тәжірибелі маман Ләйла Бейсенбаеваның жетекшілігімен өз мүмкіндіктері шеңберінде білім алушыларға кәсіби психологиялық көмек көрсетіп, түрлі тренингтер ұйымдастырып, кеңес беру және диагностикалық жұмыстар жүргізуде.
Атап айтқанда, «Бизнес және құқық» Жоғарғы мектебінің, «Агробиология», «Инженерлік технологиялар» факультеттерінің академиялық топтары жасаған график аясында өткен «Сөзден – сезімге» тақырыбындағы интерактивті жаттығулар мен тренингтер тартымдылығымен есте қалды. Жеке тұлғалық дамуға пайдасы зор бұндай тренингтерге топ кураторлары да белсене қатысып, қызығушылық танытты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта басқа факультеттерде де жалғасын табатын болады.
«Progress» психологиялық тобының мүшелері білім алушыларға жеке консультациялар да беруде. Тәжірибе барысында университетте оқитын шет елдік білім алушыларды жаңа ортаға бейімдеу, ықтимал күйзелістік факторлардан сақтандыру және оның алдын-алу бойынша психодиагностикалық жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің осы бағыттағы ауқымды іс-шараларының бірі – «Менталды денсаулық декадасы» 2025 жылдың 03-12 ақпаны аралығына жоспарланған. Декада барысында практиканттар қоғамдағы сана саулығы, психоэмоционалдық жағдай, лудомания, нашақорлықпен күресу, стрестік жағдайлардың алдын алу тәрізді өзекті тақырыптарды қамтитын іс-шараларды жүргізеді.
Декада аясында:
- түсіндіру-ақпараттық жұмыстар
- кездесулер
- сауалнамалар
- психотерапия
- тренингтер
- консультациялар
- семинарлар
- психодиагностика
- интерактивті ойындар т.б. ұйымдастырылады.
Тәжірибеден өтіп жатқан практикант психологтарға сәттілік тілей отырып, басқа да ынта білдірушілерді Декада жұмысына қатысуға шақырамыз!
Декада туралы толық ақпаратты университеттің @kaznaru_official ресми парақшасынан және @kaznaru_zhastary, @psychology_kaznaru парақшаларынан алуға болады.
KazNARU Баспасөз қызметі