KazNARU СТУДЕНТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
2025 жылдың 2 ақпанында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасында (ерлер, әйелдер) Алматы қаласының чемпионаты болып өтті.
Дүбірлі жарыста Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің 3 курс студенті, жас палуан Темірлан Кенжебек 98 кг салмақ дәрежесінде 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, қалалық жарысқа қатысқан «Инженерлік- технологиялар» факультетінің 2 курс студенті Тәңірберген Арнұр 71 келіде, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің 2 курс студенті Саруарбек Дидарәлі 64 келіде, «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің 3- курс студенті Құралбек Самұрат 79 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, тәжірибе жинақтап қайтты.
Жас палуандарды жаттықтырушылар – «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының аға оқытушылары Я.Манапов пен М. Нокишев.
Университет абыройын қорғап, жеңімпаздар қатарынаан көрінген Темірлан Кенжебекті және белсенділік танытқан спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
KazNARU Баспасөз қызметі