30 қаңтарда 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 11:00-де және 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Жалелов Дулат Бейбітұлының «Жоғары сіңімді жаңа буынды құрама жем өндірісі технологиясының нормативтік қамтамасыздануы» және Тойшиманов Максат Рисбековичтің «Масс-спектрометриялық детекциямен газды хроматография әдісімен майқышқылды құрамы бойынша өсімдік майларының сапасы мен түпнұсқалығын бағалау әдісін жетілдіру» тақырыбтарындағы 8D07501 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторлары (PhD) дәрежелерін алу үшін дайындалған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің № 2 және 3 хаттамалары негізінде Жалелов Дулат Бейбітұлына және Тойшиманов Максат Рисбековичке философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.