KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ PUBG MOBILE ОЙЫНЫНАН «PMNC KZ 2025» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

✅ Бүгінде заманауи ойындар әлемінде төңкеріс жасаған PUBG толық атауы – "Playerunknown’s Battlegrounds". Бұл жердегі "Playerunknown’s" сөзі батл-рояль жанрының негізін қалаған Брендан Гриннің ойындағы лақап аты. Ал "Battlegrounds" - "ұрыс алаңы" деген мағынаны береді.

Брендан Гринн 2017 жылы жапониялық «Корольдік шайқас» деп аталатын филмді көргеннен соң, компьютерге арналған PUBG ойын шығаруды қолға алуды ойластырған. Бүгінде күнделікті ойнайтындардың саны 2 миллионнан асқанын көрген ол сұраныстың артуына орай, телефонға арналған PUBG Mobile нұсқасын да жасап шығарды.

✅ Жуырда Алматы қаласында өткен PUBG MOBILE ойынынан «PMNC KZ 2025» жарысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Дарын Бейбітов 2-ші орын жеңімпазы атанып, 3 мың АҚШ доллары болатын жүлдеге ие болды.

✅ Компьютерге арналған PUBG ойынына арналған дүбірлі жарыста топ жарған Дарын алдағы мамыр-маусым айларында өтетін «PMSL CSA 2025» халықаралық жарысқа тікелей жолдаманы да ұтып алды.

✅ Университет абыройын көтерген Дарын Бейбітовті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы белестерде биіктен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник