Құрметті әріптестер!
«Көрісу күніне» орай, университет қабырғасында ұйымдастырылып жатқан үстел үсті ойындарынан өтетін студентаралық біріншілікке қатысуға шақырамыз.
Жарыс аясында 8*8 тақта бетінде ойналатын үш түрлі ойыннан жарыс өтеді. Классикалық дойбы, Бұрыштама және «Әскербасы» ойындарынан білімгерлеріміз бағын сынайды. Ақтық сынға шыққан екі білімгеріміз өзара қосымша ойын арқылы жарысады.
Өтетін уақыты – 13.00-14.00 арасы.
Өтетін күні – 13.03.2025.
Өтетін жері - №11 оқу ғимараты.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұжымы.