MBA/EMBA («7M04125 – Іскерлік әкімшілендіру») – ҚазҰАЗУ-дың бизнес және агро-кісіпкерлік саласында заманауи білім мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадр активтерін басқаруға, агроөнеркәсіп кешеніндегі (АӨК) компаниялардың стратегиясын қалыптастыруға қабілетті, стретагиялық және жедел міндеттерді белгілеп, оларды ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оларды орындауға қол жеткізе білетін басшы кадрларды даярлау жөніндегі жетекші бағдарлама.
MBA/ЕМВА бағдарламасы барлық деңгейлердегі мамандарды, соның ішінде аграрлық сектордағы, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласындағы және АӨК өнімдері нарығындағы мақсатты аудитория мен жұмысты ескере отырып, топ-менеджерлерді кәсіби даярлауға бағытталған.
ҚазҰАЗУ-дағы MBA/ЕМВА бағдарламасының философиясы басқарушы кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттарды іске асыру, ауылшаруашылығында жұмыс істейтін кадрларды даярлауға баса назар аудара отырып, экономикамызды дамыту үшін және MBA/ЕМВА бағдарламаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесін ескеріп, еліміз бен шет елдердегі жетекші серіктестермен ынтымақтастық жүргізуге бағытталған.
Бағдарлама терең білімі бар, ойлау әне нетворкингтің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген және ХХІ ғасырдың күрделі мәселелерін шешуге қабілетті жаңа типті басқарушыны қалыптастыруға арналған "Бизнес туралы білім берудің алтын үшбұрышын" іске асыруға сүйенеді.
Біріншіден, бұл қазіргі заманғы бизнес процестері, бизнесті тиімді дамыту теориясы, стратегиялары туралы терең әрі жан-жақты білім.
Екіншіден, бұл инновациялық идеялар беріп, стандарттардан тыс шешімдер ұсынуға қабілетті, тиімді коммуникация, бизнес және экономикалық ойлаудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген кәсіпкерлерді қалыптастырып, тұлғалық тұрғыда дамытуға баса көңіл бөле отырып, жаңаша ойлауды қалыптастыру.
Үшіншіден, бұл мүдделес адамдармен, табысты менеджерлермен, бизнесмендермен топ құру, сондай-ақ ел ішіндег және елімізден тысқары жерлердегі бизнес серіктестер табу арқылы жеке бизнес байланыстарын қалыптастыруға (нетворкинг) белсенді көмек. ҚазҰАЗУ-дың MBA/ЕМВА бағдарламасы Қазақстандағы, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Еуропа Одағындағы және АҚШ-тағы көптеген халықаралық серіктестермен байланыстарды дамытуға бағытталған.